Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Мақсаты: А. Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығын, өлеңнің мазмұнын ашу, автор бейнесін тапсырмалар арқылы анықтау.
Әдіс - тәсілдері: «Бес қадам», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», қалыптастырушы тапсырмалар

Кіріспе
Әдебиет сабағынан 5 сыныпқа жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық сабақ өткіздім. Сабағымды бастамас бұрын оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау мақсатында сұрақтарға жауап алдым.
Әрбір адам... (туысым, досым, жұрағат)
Әрбір сабақ... (үйрену, ұғу, ұлағат)
Әрбір ісім... (тірлік, тірек, адамдық)
Әрбір сөзім... (шындық, бірлік, адалдық)
Осы сұраққа жауап берген соң сыныпты 3 түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлдім. Топтар 1, 2, 3, топшаларға бөлінді.
Топ мүшелерінен үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында «Бес қадам» әдісін қолдандым. Әр топтан бір оқушы ортаға шығады, оқушыға бес сұрақ қойылады, әр сұраққа жауап берсе бір қадамнан алға жылжып отырады. Егер сұраққа жауап бермесе сол орнында қалады.
1. А. Байтұрсынұлы нешінші жылдар аралығында өмір сүрді?
2. Қандай жинақтары бар?
3. Мысалдарын ата?
4. Шығармаларының мақсаты?

Келесі кезекте жаңа сабақты бастамас бұрын бейнебаян көрсетілді. «Адамдық диқаншысы» өлеңін тыңдатып болған соң, оқушылар өлеңді жатқа айтып береді. Келесі екі топ мүшелері мәнерлеп оқыды. Осы өлеңді негізге ала отырып 3 топқа 3 тапсырма берілді.
1 - топқа: А. Байтұрсынұлының бейнесін ашу.
2 - топқа: «Адамгершілік» сөзіне кластер құрастыру.
3 - топқа: «Венн диаграммасы» Асыл, жасық деген сөзді салыстыру, ортақ қасиетін табу.

Әр топ мүшелері топқа берілген тапсырмаларды орындап, ортаға шығып қорғап берді.
Өлеңді негізге ала отырып, топтарға сұрақтар қойылды, сұрақтардың жауаптарын өздерінің ойларын қосып, мәліметтер келтіре отырып жауап берді.
1. Өлеңдегі адамдық диқаншысы, адалдық нұрын себуші кім?
2. Ақын кімге қызмет етуді қалайды?
3. Адамның қандай қасиеттерін көрсетпек болған?
4. «Жасық болмай, асық бол» дегенді қалай түсінесіңдер?

Келесі кезекте өлең жолдарындағы сөздермен жұмыс жүргізілді. Мағынасын айтып, дәптермен жұмыс жүргізді. Дәптерлеріне жазып алды.
Диқаншы - егінші, егін кәсіпкері
Зейнет - еңбек рахаты, жемісі, игілік
Бейнет - азап
Жасық - 1) семіз емес, өте арық ет;
2) жігерсіз, ынжық, былжыр.

Сабағымызды ары қарай «Суреттер сөйлейді» әдісімен жалғасты. Суреттер көрсетіледі не туралы екенін айтып, бүгінгі күнмен салыстырады. Топ мүшелері өздерінің ойларын айтып шықты.

Осыдан келіп шығатын мақал – мәтелдермен «Бейнет түбі - зейнет» деп қорытындылады.

Ары қарай сергіту сәтінде өлең жолдарын хормен айта отырып, іс - әрекетпен, іс - қимылмен көрсетті.
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

Пән мұғалімі: Г. Б. Джуркабаева
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама