Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра
Ашық тәрбие сағаты “Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра “
Мақсаты:
Білімділік: Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.
Дамытушылық: Домбырадан – таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау.
Тәрбиелік: домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларын үйреніп және пән аралық байланыстарын түсіндіру.
Жумагул Раджаповна: Құрметті қонақтар, әріптестер және студенттер!
Біздің ашық тәрбие сағатымызға Хош келдіңіздер!
Сіздерді Тәуелсіздігіміздің жылдық мерекесімен құттықтаймын.
Осы 25 - жылдық мереке қарсаңында бүгін сіздерге «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» атты ашық тәрбие сағатымды ұсынғалы отырмын.
Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі дамуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан - таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, дәстүр табиғатына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс.
Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде тәрбиелік білім беру мақсатында осы тақырыпты алдым. Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларының көздеріне үңілетін болсақ, бірнеше пәндерді кездестіруге болады.
Домбыра - тартып үйрену еңбек пәні. 2. Домбыра – тартып әр дыбысын есептеп ойнау математика пәні. 3. Домбыра – тартып қағу, перне басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сөзін дауыс ырғағымен дәл айту логика пәні болса, ал домбыра екі шекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп отырып, құлақ күйін келтіру физика пәні т. с. с. байланыстарды ескеріп айта кеткен жөн деп ойлаймын.
Ұсынып отырған тәрбие сағатымызда осы домбыраның тарихын, үнінен шығатын күйлердің аңыз әңгімелерімен қысқаша таныс боласыздар.

Ортаға Азамат: (ұлттық киімде)
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім…
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты ертеңі
О, Халайық! Құтты болсын 20 - жылдық мереке!
«Күй Адай» Қолғанат

І жүргізуші: Домбыра мұнша шешен болдың неге
Күй толған көкірегің шежіремен
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, –
– деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй - ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде - кем болған. Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Екі ішекті бірін қатты
Бірін сәл - сәл кем бұра
Нағыз қазақ, қазақ емес
Нағыз қазақ Домбыра.
Ән: «Қазақ осы»

ІІ жүргізуші: Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған –
дегендей Домбыра – аспабы арқылы ата - бабаларымыз ән шырқап, күй орындаған, оны өзінің өмірлік серігі еткен. Халықтың бірде - бір мейрамы домбырасыз өтпеген.
Екі ішекке бір тиекті қондыра,
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.
Білсең егер айта қойшы, достарым?!
Қайдан шықты асыл мұра домбыра.
Домбыра туралы аңыз:
Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап – шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл “шайтан тиек” деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.

Күй «Көңіл толқыны» Бөгенов Әбілтай

І жүргізуші: Бабамыздың мұңысың сен, домбыра
Анамыздың сыры сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра – қазақтың осы заманға дейінгі рухтандырып келе жатқан музыкалық аспабы. Енді құрметті тыңдармандар, осы бір домбыраның құрылысына тоқталып өтейік.
Жәукебаева Гүлназ: Домбыраның құрылысы туралы сөйлейді.

ІІ жүргізуші: Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда?
Ән мен күй бар өмәрде
От та лаулап жанбай ма?
Ән: ………………………………………….

І жүргізуші: Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң - тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден артық үн бар да.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй бар да –
– дегендей “Күй – біздің музыкалық тілімізде ертеден келе жатқан сөз. Ежелде “күй” сөзі музыкалық және вокалдық ұғымды біріктірген болуы керек”. Күйді шығарушы көбінесе домбырада орындаушы адам. Домбыра – елдің қуанышы мен мұңын естірткен. Мысалы, халық арасындағы тарған
ХІІІ ғ. «Ақсақ құлан» аңыз күйі.
«Ақсақ құлан» аңызы. Жумагазиева Айсауле:
“Ақсақ құлан” аңызында (ХІІІ ғ.) Жошы ханның ұлы аңшылықта жүргенде жаралы құланнан қаза болады. Жамандықты сезген әкесі ұлы жайлы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын деп жар салады. Жошы ханға болған жайды жеткізуге ешкімнің батылы бармайды. Сол кезде Кетбұғы күйші келіп, “болған жайды домбыра айтып береді дейді”. Ол сол жерде күй шығарып тартып береді, кейіннен ол “Ақсақ құлан” атанған. Хан музыкадан қайғылы оқиғаның мән - жайына қанығады. Бірақ, өзінің айтқан сөзін орындап, ұлының өлгені туралы хабарды бірінші жеткізген домбыраның шанағына қорғасын құяды.

Ақтау қаласы «Қайнар» колледжінің
Физика - математика пәнінің жоғары
санатты оқытушысы Уразова Жумагул Раджаповна
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама