Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі: Касымова Айнур Нурбековна
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Тізбектелген сабақтар топтамасының қысқа мерзімді жоспары
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік бере отырып,. ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыра отырып, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.
Сабақтың міндеттері:
. 1. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
2. халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
3. Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.
4. топта бірлесе жұмыс орындату арқылы ынтымақтастыққа үйрету

Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу.
- Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында
«Жылы лебіз» тренингін өткізу
Балалар, халықтың, мемлекеттің жұмылған жұдырықтай, өзге елдермен жақсы қарым - қатынаста болуы үшін ең басты не нәрсе керек, елді біріктіретін қандай қасиеттер?
- Олай болса, «береке, бірлік, ынтымақ» сөзін кезектесіп айтайық. Сол бойынша сыныпты топқа бөлу.
Оқушы немен шұғылданады?
Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін білдіреді.
Елді біріктіретін ең басты не нәрсе екендігі жөнінде ойларын айтады.
Топқа бөліну
«Береке, бірлік, ынтымақ» сөздерін айту арқылы топқа бөлінеді
1 - топ.
2 - топ.
3 - топ.
4. Топ басшысын анықтау.
Қызығушылықтарын ояту кезеңі «Ассоциация» стратегиясы. Сабақтың тақырыбын оқушыларға анықтату мақсатында интербелсенді тақтадан тақырыпқа тікелей қатысы бар слайд көрсетемін
«Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, түрткі сұрақтар қою. Осы слайдты көргенде сендер қандай ойға келдіңдер?
Біз бүгін сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойылады.
Тіл білімі - языкознание
Намысшыл - честолюбивый
Айып - обвинение
Атылды - был расстрелян
Беделді - авторитетный
Ағартушылық жол - просветительский путь
Тіл білімнің атасы - родоначальник языкознания
Мысалшы - баснописец
Сөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтау. Мысалы: Тіл білімі – қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі. Тіл білімі тіл заңдарын зерттейді. Қазақ тіл білімінің атасы – А. Байтұрсынұлы

А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарында пайдалану:
Маңызды оқиғалар ------- Жылдар ---------- Шығармалары

Ақын туралы берілген мәтіннен “Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу. Олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру. Кім сауатты оқушы екенін анықтау.
Қандай? -------- Сөз тіркесі ----------- Сөйлем

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама