Аяз би ертегісі
Әдебиет
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісінің жанрлық ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау,
бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету; Аяз би өмірі жайлы қосымша мәліметтермен таныстыру;
Ә) Тәрбиелік: Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, сөз қадірін түсінуге, адамгершілікке, адал да әділ болуға тәрбиелеу;
Б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, жоспар құру дағдыларын дамыту, сөйлеу тілі мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Салыстыру, талдау, жүйелеу
Көрнекі – құралдары: Компьютерлік слайдтар
Пән аралық байланыс: Әдеп, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгелдеу;
3. Оқушы зейінін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Аяз би» ертегісі бойынша түсінгендерін сұрап, сұрақтар қою арқылы бағаланады.
ІІІ. Пысықтау:
А) Араласқан жоспар – ертегі Ә) Берілген мақал-мәтелдерді
мазмұны бойынша жасалған жоспар тарауларына
жоспарды өз ретімен қойып сәйкестендіру.
шығу, дәптерге жазып алу; (ауызша сәйкестендіру)
(Ертегіге жоспар жасау)
1.Жаманның жақсы мен жаманды Есірген хан елді ермек етер.
айыра білуі.
2.Жаманның сертке берік болуы. Ащы мен тұщыны татқан білер.
3.Жаманның Барсакелмеске баруы Ақыл – ердің қорғаны.
4.Құстың, шөптің, адамның жаманын Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара. табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.
5.Хан тағына отырған Жаман. Сертке берік бол, досыңа серік бол.
6.Ханның Жаманды уәзір етуі. Арсыз адам жала жауып аздырады.
7.Меңдінің Жаманды таңдауы . Жігітті намыс өлтіреді,...
8.Қырық уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. Ежелгі дос жаңа достан артық.
9.Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
10.Ханның Жаманды сағынуы. Ақылды жетер мұратқа, Ақылсыз қалар ұятқа.
Б) Тарихи деректер:
Өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында Мадан ханның бірнеше сынынан өтіп,уәзір болған, ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырып берген. шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленген, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарған. Мадан мойындап, халық қалап, хан етіп көтерген - Аяз би кім болды екен?
Аяз би Жаманұлы (шамамен 711-800 ж.ж.)
Аяз би Жаманұлы- қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі мен «Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазбек бек Тауасарұлының өзінің «Түп-тұқияннан өзіме дейін» («Жалын», 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз бидің және оның серігі Құмырсқа батырды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», -деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы, тұстас болып шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының «Алтын Сандық» атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мәліметте Аяз би -Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны XI-XII ғасырға жатқызады. Бұл-әлі зерттеуді қажет ететін мәселе.
Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы-қоға, құс жаманы- сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді»
Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді.Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді.Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзіме болма бұрыс,
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ,
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Ел арасында «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек.
Тарихи аңыздарға қарағанда, Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген.Оның тарихи адам екендігін Арал теңізінен 200 шақырымдай жерде табылған «Аяз» қаласының орны да дәлелдейді. Аңыздар бойынша Аяз әуелі ханға уәзір, кейін өзі хан болып ел басқарған. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.
В) Венн диаграммасы
Аяз би қырық уәзір
Г) Жаман мен Меңді сұлудың өзгелерден ерекше қасиеттері (дәптерге жазу)
Жаман-
Меңді-
ІҮ. Қорытындылау:
А) Ойланайық. Ертегі неге «Аяз патша» емес «Аяз би» деп аталған?
Ә) Жаңа сөздермен жұмыс:
Қанын жүктемеу – біреудің өліміне себепші болмау.
Тәңірі жазса – құдай қаласа.
Теңдік тауып - әділдік тауып.
Нашарларға – кедей, тұрмысы нашар адамдарға.
Б) Сабағатпен танысу:
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін оқиғалар баяндалады.
“Аяз би” ертегісі шыншыл ертегіге жатады.Шыншыл ертегіде қиялдан туған ғажайып кейіпкерлер болмайды. Шыншыл ертегі кейіпкерлері - күнделікті өмірдегі қарапайым адамдар.Өмірді терең танып білген адамның артықшылығын көрсетуді мақсат етеді.
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін.
Ү.Үйге тапсырма беру:
1. «Аяз би» ертегісін оқу;
2. Мына тақырыптардың біріне өз қиялыңнан ертегі жаз:
“Бала би”
“Ғажайып адам”
“Менің досымның басынан кешкендері”
ҮІ. Бағалау:
Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рүстемова Гүлмира