Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Тақырыптары:
1. Лексика. Сөз және мағына
2. Аяз би ертегісі


Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың аты: Лексика. Сөз және мағына
Жалпы мақсаты: Сөз және мағына туралы оқулықты пайдаланып, түсініп оқуын ұйымдастыру; Топтық жұмыста оқушылар тапсырманы сыни тұрғыдан ойлап орындау;
Берілген тапсырманы орындауда диалогтік талдауын байқау;
Іздендіру, ойларын еркін айтуға дағдыландыру
Сілтеме: 5 - сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бағалау бетшелері
Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚР жббмпбакб (www. cpm. kz)
Оқыту нәтижелері: Тақырыпты білу және түсіну
Мысалдармен байланыстырып айта алу
Пікірлерін талдау
Қорытынды жасай алу
Түсінігін бағалау Белсенділік танытады.
Постерге салған ойларының өмірге қажеттілігімен байланыстыра алады.
Ойларын еркін, шынайы жеткізе алады.
Негізгі идеялар: Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты жеткізе білу.
Тапсырма көздері: 1. Оқулықпен жұмыс
Лексика. Сөз және мағына туралы оқулықты пайдаланып, түсініп оқу.
2. Тапсырмалар орындау
30 - жаттығу Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазу.
31 - жаттығу Берілген сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазу.
32 - жаттығу Сөз формасын анықтау(түбір, туынды түбір, қосымшалы сөз, біріккен сөздерді тауып жазу)
3. Сұрақ - жауап әдісі
Міндеттері: Жауапты түсініп айтуын қадағалау
Қорытынды ой айта алуын байқау
Кейінгі тапсырмалар: 34 - жаттығу. Өз ана тіліңнің байлығы немесе жақсы қасиеті туралы айтылған өзге халық өкілдерінің пікірін тауып жазу.
Бағалау: критерий арқылы бағалау бетшесімен оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.(1. 2. 3. 4 ) сандармен оқушыларды топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын сұрау
1. Мәтін қандай мағынаны білдіреді? Ол қалай пайда болады?
Мәтін неден тұрады?.. т. б.
2. 26 - жаттығуды тексеру.

1. Қызығушылықты ояту..
Біз қазақ деген мал баққан елміз
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм - тұзын ақтай білген елміз
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақта, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.

Жаңа сабақ
Лексика. Сөз бен мағына
2. Мағынаны тану.
1. Мәтінді оқып танысады.
1 - тапсырма
30 – жаттығу
І топ: Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жаз.
ІІ топ: Лексикалық мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз.
ІІІ топ: Мағынасы бар сөздерге сөйлем құра.
ІV топ: Мағынасы жоқ сөздерге сөйлем құра.

2 - тапсырма
Берілген сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құраңдар.
1 - топ Саналы, мейірім, келіншек
2 - топ Жасыл, әсемпаз, үйірсек
3 - топ Мақтаншақ, білім, қасық
4 - топ Жасырынбақ, қонақтар, тауық

3 - тапсырмасы
Сөз формасын анықта:
1 - топ: негізгі, туынды сөздерді тап.
2 - топ: қосымшалы, біріккен сөздерді тап.
3 - топ: негізгі, туынды сөздерді тауып,
сөйлем құрау.
4 - топ: қосымшалы, біріккен сөздерге
сөйлем құрау.
4 - тапсырмасы
Ойды жалғастыр
Сөздің сәби боп тууы дегенді қалай түсінесің? Cөз қалай ер жетеді?

Сөз бұлты
Топты бағалау. Жеке - жеке бағалау
Үйге тапсырма 34 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама