Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Айда бұлбұл, Айжан-ай

Дәулеткерей өзінің әкімшілік жұмысын жиып қойып, енді біраз уақыт Құрманғазымен бірге ел аралап, күй тартып жүреді. Бір осындай сапарда екі алып сол өңірге атағы шыққан Айжан қыздың үйіне барады. Ол өзінің көпке жайылған «Айжан қыз» атанып кеткен күйін тартады. Құрманғазы Айжанның тартысына риза болып кетіп, қолына домбырасын алып, бір жаңа күй шертеді. Папас тұрып: «Құреке, мынауыңыз бұрын-соңды естілмеген күй екен, аты не болады екен?» дейді. Құрманғазы: «Бұл мына Айжан бұлбұлға шығарғаным ғой!» — дейді. Сол арада Папас: «Онда бұл күйдің аты «Айда бұлбұл, Айжан-ай» болсын», — деп күйге ат қойса керек. Құрекеңнің күйіне риза болған Айжан сол арада домбыраға түсіріп алады. Осы жүргенде Құрманғазы Папастың «Жігер» күйін әлденеше рет естіп, аса риза болады. Бірақ творчествалық кезеңнің ең бір көңілді тұсына келгеннен бе, Құрманғазы «Жігерге» еліктеп, өзі бір күй шығарады. Ырғақтық жағынан Құрманғазының «Жігері де» Папас вариантына ұқсайды. Бірақ күйдің динамикалық құрылымы мүлде басқа болады.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама