- 03 нау. 2020 00:00
- 212
Әйеліне етік сатып әперген екен
Мәкең ұзатқан қарындасына амандасқалы барса қарындасы бір аяғына бәтіңке, бір аяғына етік киіп жүріпті.
— Ей, осы ұрыда ес жоқ-ау, не етікті, не бәтіңкені бірыңғайы ұрлау керек емес пе, екеуінің де бір сыңарын ғана ұрлағанын қарашы, — депті Мәкең ұрыға кейіген болып күйеу баласын қағытып.
Ертеңінде күйеу баласы қарызданып жүріп әйеліне етік сатып әперген екен.