Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерге есептер шығару
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерге есептер шығару.
Математика 6 сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың қарапайым сызықтық теңсіздіктерді шығара білу білімдерін және айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу жолдары мен мәтінді есептерді теңсіздік құру арқылы шығара білу білімдерін жалпылау және қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп, белсенді жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қорытындылау, бекіту
Қолданылатын әдіс - тәсілі: Түсіндіру, демонстрациялық көрсету, сұрақ - жауап алу, өз бетінше жұмыс істеу, деңгейлік жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекілігі, құрал - жабдықтары: Интерактивті тақта, презентация, электронды оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.(амандасу рәсімі, сынып оқушылардың назарын сабаққа аударту)

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін қандай алгоритм орындау қажет?
Егер ах>в теңсіздігінде а>0 болса, онда х>в/а. Онда теңсіздіктің шешімдер жиыны қандай аралықтарда болады?
Егер ах>в теңсіздігінде а0 болса, онда 0х>в. Онда теңсіздіктің шешімдер жиыны қандай болады?
Егер ах>в теңсіздігінде а=0 және вв. Онда теңсіздіктің шешімдер жиыны қандай аралықтарда болады?
Егер а>0 болса,|x|≤a теңсіздігінің шешімдер жиыны қандай сандар?
Егер а>0 болса,|x|>a теңсіздігінің шешімдер жиыны қандай сандар?
Қандай жағдайда теңсіздіктің шешімдері болмайды? Мысал келтіріңдер?
Қандай жағдайда теңсіздіктің шешімдері кез – келген сан?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№1081
3) |3x - 2|>7
3x - 2>7
- 3x+2>7
3x>9
- 3x>5

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы,
Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
физика - математика пәнінің мұғалімі
Мырзағалиев Дидар Қуанышұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама