Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Математика 6 сынып
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама беру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, тез ойлап, нақты нәтижеге жету қабілеттерін және математикалық сауаттылығын арттыру
Тәрбиелік: шапшаңдылыққа, өз бетімен еңбектенуге, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, ойын элементтерін қолдану, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, карточкалар, интерактивті тақта
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде, олай болса бір - бірімізге сәттілік тілейік!

II. а) «Өрмекші шырмауынан шығып көр».
Мақсаты: Оқушылар бір - біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.
1. Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады? (екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндері тең өрнектерді айтады )
2. Қандай теңдік теңбе-теңдік деп аталады? (айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез - келгенінде тура болатын теңдікті айтады)
3. Теңбе-тең түрлендіру дегеніміз не? (өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе-тең түрлендіру деп атайды)
4. Екі тура санды теңдік қалай қосылады? (екі тура санды мүшелеп қосады. a=b және c=d болса, онда а+c=b+d)
5. Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі? (екі тура санды мүшелеп көбейтеді. a=b және c=d болса, аc=bd)
ә) Үйге берілген есепті тексеру (Оқушылар бір - бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды)

III. «Кім жылдам?!» (Кестедегі жауаптардың тұсына сәйкес әріптерді қойыңдар. Жасырын сөзді оқыңдар)

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы,
Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
физика - математика пәнінің мұғалімі
Мырзағалиев Дидар Қуанышұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама