- 28 қар. 2019 00:00
- 290
Айран ішу
Қожанасыр досы екеуі бірігіп айран сатып алады. Олар айранды ішкелі отырғанда, досы табақтың ортасын сызып:
— Мен өз жағыма тәтті қосайын деп едім, — дейді.
— Ау, айран сұйық емес пе? — дейді Әпенді, — сенің қантың менің жартыма өтіп кетеді ғой. Дұрысы, сен қантты араластырып жібер, бірге ішелік.
— Қант аз, — дейді досы қарсылық білдіріп, — екі адамға жетпейді.
Қожанасыр ашуланып, бөтелкедегі зәйтүн майын айранға құйып жібереді. Досы шат-шәлекейі шығып:
— Ақымақ! Айранға зәйтүн майын құйғанды қайдан көріп едің? — дейді.
— Мен майды өз жартыма құйдым, — депті сонда Қожа.
— Араласпа!