Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әдептілік үшін сый

Базардан бір қадақ жаңғақ алып орамалға түйген Қожанасыр үйіне қарай бара жатады. Жол-жөнекей бір бала әдептілік пен иіліп:

— Ассалаумағалайкүм! — деп сәлем береді.

Баланың әдептілігіне разы болған Әпенді оған бір жаңғақ береді.

Бала: «Ғажап! Әпенді өзіне иіліп сәлем бергеннің бәріне де жаңғақ сыйлай ма, қалай? Жолдастарыма айтайын, олар да жаңғақ жесін», — деп ойлайды. Балалар бірінен соң бірі келіп Әпендіге қарсы жолыға береді. Бәрі де иіліп сәлем береді, ал Әпенді оларға бір-бірден жаңғақ ұстатады. Жаңғағы біткен соң, Әпенді мешіт тұсында имамға жолығып қалады, ол да бұған сәлем береді.

— Кешіріңіз, жаңғағым таусылды! — депті сонда Әпенді қысылып.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама