- 28 қар. 2019 00:00
- 179
Кімді айыптау керек
Қожанасыр ұстаған бөденелерінің жүнін жұлып, оларды қуырыпты да, қазанды жауып, мұның аңшылығы шамалы деп жүргендерді қонаққа шақыруға кетеді. Сол арада аңдып жүрген қулардың бірі келіп, қуырылған бөденелерді алып, орнына тірі бөденелерді салып кетеді. Достары жиналған кезде, Қожа қазанның қақпағын мәз болып аша бергенде, бөденелер пыр-пыр етіп ұша жөнеледі. Аң-таң болып аузын ашып қарап
қалған Қожа:
— Құдайым-ау, сен бөденелерді бейкүнә тіршілік қалпына келтірген екенсің, ал менің, тұз, бұрыш, қоспаларым, ақша мен осыған сіңірген еңбегім рәсуа болды ғой, оны кімнен сұраймын, — деген екен.