tengrinews.kz
- 20 нау. 2026 15:30
- 20
Азарт ойындарына салынған шенеунік қызметінен айырылды
Атырау облысында экология департаментінің қызметкері құмар ойындарға салынғаны үшін қызметінен айырылды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңірлік табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, департамент қызметкері заңмен тыйым салынғанына қарамастан, азарт ойындарына қатысқан.
«Қадағалау актісі негізінде ол теріс себептермен жұмыстан босатылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Одан бөлек, департамент басшысының орынбасары мен экологиялық бақылау бөлімінің жеті бас маманы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 498-бабы («Құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы мәліметтерді ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, түзету және басқа да бұрмалаушылықтар») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.