- 25 ақп. 2020 00:00
- 238
Әзіл түбі — зіл
Үш құрбы жігіт жолаушы келе жатып, бір үйге түседі. Үй иесі қонақтарымен әңгімелесіп отырады. Бір кезде қонақтардың біреуі тысқа шығып кетеді. Үй иесі қалған қонақтарынан:
— Әлгі жігіт қандай адам? — деп сұрайды. Қонақтар:
— Ол өзі бір есек, — депті.
Жігіт қайтып келген соң, үйдегі екі қонақ та аттарын көріп келуге тысқа шығады. Үй иесі қалған қонақтан:
— Бұлар кімдер өздері? — деп сұрапты. Қонақ:
— Бұлар бір жүрген ит, шошқа, — депті. Кешке ас ішер кезде үй иесі қонақтардың алдына бір дорба сұлы, бір мүжілген сүйек, суға араластырылған бір шылапшын кебек әкеліп қояды. Қонақтар аң-таң болып ашуланады.
Үй иесі:
— Өздеріңіз бір-біріңізді есек, ит, шошқа деп таныстырғаннан кейін әрқайсыңыздың сүйген тамақтарыңызды әзірлетіп едім, — депті.