Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 28 минут бұрын)
БАӘ басшысы Дубай тұрғындарын қалай тыныштандырды: ТРЦ-дегі кешкі ас пен бункердегі жағдай

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян мен Дубай мұрагер ханзадасы Таяу Шығыстағы шиеленіс асқынып тұрған шақта, елдегі ең танымал орындардың бірі – Dubai Mall сауда орталығына барып, жұртшылықты бей-жай қалдырмады. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшыларының көпшілікке көрінуі, әсіресе, сауда орталығында кешкі ас ішуі – аймақтағы тұрғындар мен туристер арасындағы алаңдаушылыққа жауап ретінде қабылданды. Иранның Парсы шығанағы елдеріне жасаған соққылары жалғасып жатқанда, Әмірліктер басшылары сауда орталығында серуендеп, жергілікті кафелердің бірінде тамақтанып, елдегі тыныштықты көрсетуге тырысты.

Сауда орталығына келгендер президенттің суреттері мен видеоларын әлеуметтік желілерде белсенді бөлісіп, елдегі қалыпты өмір салтын қолдағаны үшін ризашылықтарын білдірді. БАӘ басшысының бұл әрекеті әлемге Әмірліктердің бейтараптылығы мен тұрақтылығын көрсететін «қуатты хабарлама» ретінде бағаланды.

Аймақтағы жағдай

Таяу Шығыстағы жағдай 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғаннан кейін күрт шиеленісті. Тегеран Парсы шығанағы елдеріндегі американдық базалар мен нысандарға жаппай соққылармен жауап берді.

Халықаралық реакция

Соққылар кезінде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер аймақты ирандық дрондардан қорғауға уәде берді. Көмек ретінде Украинадан әскерилерді тартуды ұсынды.

Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде, Таяу Шығысқа «Шахед» дрондарын ұстап алу бойынша үздік мамандарды жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, ол бір шарт қойды: араб елдерінің басшылары Владимир Путинді ресей-украин соғысында бір айлық бітімге келуге көндіруі керек.

Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі тарапынан жауап шабуылдар қаупіне қарамастан, Ираннан жасалған шабуылдар әлі тоқтаған жоқ.

Жаңалықтар

Жарнама