Бабалар салған сара жол
Дүниедегі барлық қиындықты көрген бұл қазақ халқы. Кешегі ашаршылық, кешегі нәубет, кешегі қуғын-сүргін, сұм алапаттарды басынан өткерген. Бірақ, кезіндегі біздің бабаларымыз, диірменнің астындағы іргетасын берік қалап, керемет құйып кеткен. Диірменнің үсті шыр айналғанымен, тастың үсті,асты бір айналған емес. Өйткені ол темірқазық секілді. Кезінде біздің Көктүрік бабаларымыз құйып кеткен темірқазық ол - мәңгі жасайды. Ал диірмен үстінің шыр айналғаны біздің өрге жүзген бекіредей халқымыздың осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқандығының белгісі.
1948 жылы Бауыржан Момышұлы атамыз қиыр шығысқа бір шаруаларымен сапар шегіп барады. Сонда бір үлкен түрменің басшысы, орыс кісі келіп Бауыржанға:
- Жолдас Момышұлы. Осында қазақ халқына өте атақты, бір ғұлама жатыр.
Егер қаласаң кіріп, амандасып шық - депті.
Бауыржан Момышұлы түрмеге кіріп барады. Қараса алыстау шақырым жерде талдардың ішінде, 3-4 адам күздің қара суының қасында от жағып, жылынып отыр екен. Бауыржан ол атақты кісінің Мағжан Жұмабаев екенін бірден таныған. Себебі, Бауыржан - Алашорданың ұлы тұлғаларының көбін көрген, араласқан, тіпті жас кезінде Ораз Жандосовтың хатшысы болған екен.Содан соң, Бауыржан қасына таяп келіп:
- Ассалаумағалейкум - деп амандасқанында, Мағжан атамыз ашулы реңмен:
- Ей, бала, маған жолама! Кірім жұғады саған, қарам жұғады - деп бетін қайтарған.Мағжанның қабылдамайтынын сезген Бауыржанның мықтылығы сонша,оның 5 томдық шығармасын жатқа білген. Содан, Бауыржан Мағжанның бетіне тіке, қарсы қарап, от жалындаған жанарымен "Пайғамбар" деген өлеңін оқып берген.
Күн батыста қараңғылық қаптаған,
Күні батып, жаңа таңы атпаған.
Түнеріп жүр түннен туған перілер,
Тәңір ісін табанына таптаған - деп, "Пайғамбар" деген өлеңін оқиды. Ең соңғы қатарында тағы:
Ерте күнде отты күннен ғұн туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам - деп оқығанында, Мағжан Жұмабаевтың жүзі жұмсара бастаған. Және Бауыржан Момышұлының кез келген өлеңді астынан жоғары қарай оқитын қабілеті болған.Ол дәл сол "Пайғамбар"өлеңін астынан жоғары оқыған кезінде, Мағжан күліп жіберіп, жүзіне күлкі ұялаған.
Содан Бауыржанға қарап тұрып:
- Ей, шырағым кім боласың? Атың кім? Шенің қандай? - деп сұраған.
Содан Бауыржан атамыз:
- Менің аты-жөнім - Бауыржан Момышұлы. Әскери шеннің өкілімін - деп өзін таныстырып,бір-бірімен құшақтасып, төс қағысыпты. Сонда Мағжанның аузынан шыққан сөзі осы екен:
- Шырағым,Бауыржан, егер шамаң келсе мені құтқар - деп 1948-ші жылы айтқан екен. Ал протокол бойынша 1938-ші жылы Мағжанды ату жазасына кесті. 1938-де ату жазасына кесілді деп жалған құжат дайындап,халық жауы деген айып тағып,барлық ізін суытып жіберген. Бірақ, 1948-ші жылы Бауыржан Момышұлы Мағжанды түрмеден көрген. Бұл қалай?
Мағжан Жұмабаев Бауыржанға өтініш айтып:
Ей, шырағым, мені құтқар, егер шамаң жетсе - деп өтінгенінде, Бауыржан келісіп, құтқарып алуға уәде беріп, 1 аптадан кейін бар күшімді салып, сізді босатып алып кетуге тырысамын деп уәде берген. Бірақ, қанша дегенмен әскери шенді өкіл болғаннан кейін, шаруасы көп болып 10 күннен кейін келген. 10 күннен кейін келіп, түрменің басшысынан сұраса:
- Ол кісі осы маңдағы өзеннен қайықпен жүк таситын. Бір күні қайығы аударылып,суға батып қайтыс болып кетті - деп алдаусыратқан. Бауыржан оның алдап тұрғанын әлденеден аңғарған. Себебі, екеуінің бірге байланысқа түскенін көріп, Мағжан Жұмабаевты басқа жаққа алып кеткен.Бауыржан Момышұлының өз заманында біреу сұрайды
Неге бұлай? Яғни,қазақтың зиялы Алашорда өкілдерін, сол кездегі бабаларымызды неге олай жасырды? - деп.Сонда Бауыржан Момышұлы айтады: Себебі,олар 1000 жылда, 100 жылда бір рет туатын үлкен тұлғалар. Олардың білімділігін, ақылдылығын саясат,патша үкіметі өз пайдасына асырған.Мәселен Тұрар Рысқұлов 21 жасында КСРО-ның премьер министры болған. 21 жасында Ұлан-Батырға барып, Моңғолияның астанасын Ұлан- Батыр деп атын қойып, Моңғолия мемлекетінің конституциясын жазып берген. Бұл кісілердің бәрі ерекше тұлғалар. Сол Тұрар Рысқұловты да, 1937-1938-де атқан жоқ, репрессияға ұшыраған жоқ. 1944-ші жылы бір-ақ қайтыс болған. Сол уақытқа дейін жасырып отырған, білдірмеген. Міне, осы сынды Алашордашылардың қаншауы тірі, қаншауы сол кезде қуғын-сүргіннің құрбаны болып кеткенін шын мәнісінде ешкім білмейді.Біз тек олардың артынан мұра болып қалған өсиеттері мен еңбектерінен үлгі алып,оны жадымызда тоқығанымыздың өзі үлкен мәртебе болмақ.
Мысалы, біз кейде ғана ақылдымыз, білімдіміз. Өркениет деген сөздер қазіргі таңда қолданысқа,сұранысқа көп ие. Бірақ,олай емес. Біз кейінге шегінген сайын, биіктей береді екенбіз. Біз тек қана технологиямен оздық. Біз ұшақтарымызбен, дамыған технологияларымызбен ғана бұл кісілерден озықпыз. Ал, ақыл мен парасатқа келген кезде біз мүлдем жұрдаймыз.Ол тұлғалардың ой ойлауы, олардың елді ойлауы, болашақты ойлауы, болашақ үшін жасаған амалдары үлкен. Кезінде Алихан Бөкейханов айтқан ғой "Қазақ қиямет күнге дейін өмір сүреді" - деп. Сондықтан, біздің бойымыздағы тектілік - ол көміліп бара жатқан құндылық. Біз өзіміздің ұлт ретіндегі, текті халық ретіндегі болмысымызды дәлелдеуіміз үшін ізденуіміз қажет. Ал,ол үшін арқамызды кешегі зиялы ұлт өкілдеріне тіреуіміз қажет. Соларды оқып, зерттеп, солардың жолымен жүруіміз керек.
Қазақ - өткенге салауат деп айтып жатады ғой. Кешегі өзіміздің бабаларымыздың жолын білмей, болашаққа бағдар ала алмаймыз. Тек, өткен тарихымызды білсек болашаққа дұрыс бағдар ала аламыз. Соны білген кезде ғана, болашақта ұрпақ түзу жолмен жүре алады. Сондықтан,бізге бүгінгі таңда ізденіс, әрі білім мен ақыл-ойдың парасаты керек. Және қазақ елі - өр мінезді, текті халық болуға әрдайым ұмтылу керек!
Сабыр Шұғыла
Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультетінің 1 курс студенті