Бала жанын жүрегімен ұғатын, аялайтын тәрбиеші – ана
ОҚО "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі Мусаева Гульфайраз Адилханова
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай «Кәмелетке толмағандары бейімдеу орталығында» еңбек еткен уақыт аралығында түйген ойымды ортаға салғанды жөн көрдім.
Әр түрлі жасөспірім балалар, әртүрлі жаныңды түршіктіретін тағдырлар.
Кір қожалақ, аш, әбден суыққа тоңған немесе терісі аптап ыстыққа қап- қара болып күйген, қаңғыбастық пен панасыздықтың күйін кешкен балалардың адамдарға, сенімсіздікпен жәутеңдеп қараған, мұңлы көздері жүрегіңді ауыртып бей- жай күйге түсіреді.
Оның ішінде, ішкілікке құмартып, нашақорлыққа салынып азғындаған ата-ананың зорлық зомбылығын көріп, қайыршылыққа салынғандары да баршылық.
Кей кездері (баланың айтуы бойынша) тәрбиеші балаға өз анасынан да артық деп есептейтіндігінде. Өйткені: бала өз отбасының тауқіметінен, ата-ана жауапсыздығынан күнделікті балаға қажетті жылулықты сезінбейді.
Баласының мектепте оқып білім алуына жағдай жасамағандығымен қоймай, қарапайым денсаулыққа байланысты тазалықты, тіпті ұсақ - түйек тамақтанудың, киіну, жүріп, тұру этика – эстетикасынан мүлде мақрұм болуы, жүрек ауырталықтай тағдырлар қайталана беруі өте қынжылтады.
Сонда: азғындаған ата-ана кесірінен еліміздің болашағына балта шабылуда деген сөз емес па?
Кәмелетке толмағандары бейімдеу орталығы қабылданған жасөспірімді жағдайына қарай бір ай мен үш ай аралығында мемлекет қарауында уақытша өз қамқорлығында бағып, қағып, оқытып, тәрбиелейді.
Қабылдау бөліміне келген кезден бастап, тәрбиеші ең алдымен баланың денесінің тазалығына, денсаулығына көңіл бөледі. Жасөспірімді шомылдырып, тырнағын алып, таза киім кигізеді. Панасыздық пен қаңғыбастыққа салынған балалардың ішінде педикулезден арылтуға тура келетіндері кездеседі. Орталық медбикесімен тәрбиеші бірлесе отырып баланы педикулезден тазартады. Медбикелер баланың салмағын, бойын өлшеп, денсаулығының жақсы екендігіне күмән болмауы үшін, барлық қажетті сараптамалардан өткізеді. Сараптаманың қорытындысынан кейін, жасөспірім топқа жіберіледі.
Мекемеде жұмыс жасайтын ұстаз, тәрбиеші аналардың балаға беретін тәрбиесі мол-ақ.
Кез келген оқыту технолгиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педеагогикалық, әдістемелік білімді, шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтанда қазіргі таңда әр тәрбиеші өз қызметіне қажетті өзгерістерді, жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Бұның өзі бала бойында жылдам өзгеретін ортаға еркін бейімделудің, сыни ойлау білуге таңдау жасауды және тез шешім қабылдауды үйренунің қалыптасуына көмектеседі.
Орталыққа келіп түскен дәрменсіз жасөспірімдер біраз уақытқа дейін ата – анасының қорлық, зомбылығынан кейін , өз – өзінен жабылған есіктей, ашылып сөйлеспейді. Міне, тәрбиешілер жас бүлдіршіндерді жасытпай сенімсіз комлекстерін жоюға бар күштерін салады. Әрбір баламен жылы сөйлесіп, сылап, сипап, балалармен араласып ойнап, күлуіне, топта өзін еркін сезініп бейімделуіне көмектеседі.
Топқа келген бала, уақыт өте, өзінің жеке тұлға екенін түсіне бастайды. Достасу,серік табу арқылы қоғамға деген сенім пайда болады. Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты тәрбиешіден аналық жылулықты қабылдап, өз өмір өзенінің белестерінен сыр шертіп, әңгімелесіп ашыла бастайды. Сол әңгімелерді естіп жаның түршіге бастайды.
Қысқаша мысал келтіре кетсем: Анасыда, әкесіде бар бірақ олардың жауапсыздығынан отбасы ажырасқан. Жансая мен Сырлым өгей әкенің қатігездігі мен жауыздығынан көп тауқімет көрген. Сырылымның қолын күйдірген. Баланың бар айыбы нан сұрап жылаған. Арашаға түскен анасы мен әпкесін соққыға жыққан. Соңында: көшеде қаңғып жүрген жерінен, инспекторлар балаларды кәмлетке толмағандарды бейімдеу орталығына алып келді.
Келген кезде, екі қызда біраз уақытқа дейін ашылып сөйлемеді.
Үрей, қорқыныштан, адамға деген сенімсіз көз қарастары қатігез өгей әкенің кесірінен мүлде өзгерген.
Уақыт өте келе, орталыққа бейімделіп, Жансая өте белсенді, ашық, алғыр, өнерлі екенін көрсете бастады. Сырылымның қырсық мінезі өзгеріп жайдарлы, сүйкімділігімен баурап алды. Осының барлығы тәрбиешінің еңбегі. Тағы осындай тағдырлар: Ақмарал, Асылмұрат, Азат деген жасөспірімдер кішкіне кезінен ата-аналарынан айрылып, басқа отбасыға қамқорлыққа алынған. Дегенмен қамқорлықтағы ата-ана тіл табыса алмағандықтан, қазіргі таңда орталықта жинақталған құжаттарына қарай, өз шешімдерін күтуде.
Баланың жасөспірім кезеңдерден өтетін уақыт аралығында девиантты мінез - құлықтары ерекшеленген бала, өз отбасынан қашып, еркін жүріске бой алдырып, атананың қадағалауынсыз қаңғыбастыққа салынады.
Мүмкіндігінше, тәрбиеші, қадағалаусыз, қаңғыбастыққа бейім балаларды отбасымен табыстырып, ата-ананың өздерімен қайта қайта әңгімелер, түсіндірмелер жүргізіп дұрыс шешім қабылдауларына себебкер болады. Тәрбиешілер топта ата-аналармен жүргізген жұмыстары туралы арнайы журнал, әр бала туралы мәлімет, кезекшілікті өткізу барысында топтағы жағдай жайында мәлімет журнал арнап, уақытылы есеп беріп жүргізіп отырады. Оқушылардың сабаққа арнайы мектеп формаларын киіп оқып білім алуын, уақытылы тамақтануын, дем алу, спортпен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдалануларын, таза, әдемі болып, денсаулығының жақсы болуын қадағалау т.б.с.с тәрбиешінің міндетінде.
Тәрбиешілер жас ерекшілігіне сай топқа арналған жылдық, айлық сонымен қатар бос уақыты тиімді пайдалану жоспарының кестесін түзіп жұмыс жасайды. Өндірісттік жоспар бойынша ауқымдық ашық сабақтар өтеді.
Жылылық. Түсінгіштік. Сезімталдық. Кең ойлай алу. Баланы шабытандыра білу. Бала адам ретінде қадірлі болу. Іс-әректтің қызықты әрі пайдалы болуы.
Шығармашылық ізденістің барлығы тәрбиешіге тән қасиеттер.
Тәрбиешінің лауазымдық міндеттері
1. Әрбір баланы тұлғалық дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және икемділіктерін зерделейді, осы негізде және психологтың ұсынымдамалары бойынша олармен түзеу-дамыту жұмыстарын (топпен немесе жеке) жоспарлайды және өткізеді.
2. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді.
3. Тәрбиеленушілердің күн режимін, олардың үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық еңбек жұмыстарына қатысуын ұйымдастырады.
4. Оларға оқуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және қосымша білім алуға даярлауда көмек көрсетеді.
5. Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді.
6. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жұмыстарын ұйымдастырады.
7. Медицина қызметкерлерімен бірлестікте тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, балалардың ұйымда болуы уақытында олардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болады.
8. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
9. Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктің, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді және бағалайды, арнайы әлеуметтік қызметті ұсынуға қажеттіліктерді анықтайды, балалардың арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығына талдау жасайды.
10. КТБО жарлығының ережелерін орындайды және орталыққа қабылданған баланың өміріне, денсаулығына, тәрбиесіне және білім алуына жауап береді.
11. Орталықтан қашып кеткен бала туралы дер кезінде басшыға және бала ауырған жағдайда дәрігерге хабарлауға міндетті.
12. Балаға қатысты өзге қызметкерлердің кәсіби тапсырмаларын орындайды.
13. Баламен жұмыс жүргізу жоспарын жасайды және атқарылған жұмысы туралы қорытынды есеп беріп отырады.
14. Кәсіби деңгейін әрдайым көтеріп отырады.
15. Топта бала тәрбиесіне байланысты тәрбие сағаттары мен әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырады. Баланың жас шамасына қарай білімін толықтырып отырады.
16. Мектеппен байланыс жасайды, оқушының білім сапасы мен тәртібін қадағалап отырады.
17. Бала тәрбиесі бойынша ата-анамен жұмыс жасайды.
18. ТҚ-гін білуге тиіс, балаларға ТҚ, жолда жүру ережесін үйретіп отыруға міндетті.
19. Балалармен саяхатқа, серуенге шыққанда және түрлі спорттық ойындар кезінде олардың денсаулығының қауіпсіздігіне жауап береді.
20. Педагогикалық кеңестер мен жиналыстарға, өзге де мәдени іс-шараларға, көпшілік жұмыстарға қатысады.
21. Ауысым кезінде балаларды ауысым тәрбиешісіне тізіммен тапсыруға міндетті.
Балалармен тіл табысып, оларды бейімдеп тәрбиелеу, келешекте баланың
Рухани өсуіне, Өзін- өзі тануына
Адамгершілік қасиетін дамыту
Өзін – өзі еркін сезіну
Әрекетке қызығушылығын арттыру
Білімімен
Адамгершілік қарым – қатынас, мәдинеттілігімен бағалануы тәрбиешінің түпкі мақсатты.
Тәрбиеші, баланың отбасындағы ата-аналарымен жеке дара сөйлесіп, баласымен тіл табыстырады.
Баланың көңіліде ақ, жүрегіде ақ.Әрбір педагог әр баламен жеке дара жұмыс жасап, тұлғанын ішкі дүниесімен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағыдай туғызу қажет. Өз үйінен жылулықты сезінбеген бала тәрбиешіден өз анасынан көрмеген жылулықты сезінеді. Орталықтан кетер уақытта жылап кеткен балалар, тәрбиеші анасын қимайды. Яғни ол деген біздің тәрбиешілеріміздің ерең еңбегінің нәтиежесі деп білеміз.
Сонымен қатар әрбір тәрбиеші
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының " Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", " Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Рәміздер» туралы Заңы, "КР Азаматтық кодексін", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарын және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердің мемлекеттік стандарттарды; арнайы педагогиканы, психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
Иә, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі: Ұстаздық өнер, тағлымы терең өнер.