Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бала кімге тартады?

.. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында бұрынғы Атбасар уезі территориясындағы елдерді қызмет бабымен араладым. Сол кезде көп жасаған, көпті көрген, естігенін ұмытпайтын, тілі орамды қарттармен танысып, олардың түрлі тақырыптағы әңгімелеріне құлақ қойдым. Батыр атамыз Бәукеңнің (Бәубек Бекмырзаұлы) семья құрамы жайында өз аузынан естіген әңгімесін қарттар былайша баяндады.

«Төрт некелі болдым,—депті батыр,—үлкен әйелімді шешем әперді, екіншісін—әкем, үшіншісін—төре әперді. Төртінші әйелім—қазіргі тоқалымды өзім көріп, таңдап алдым. Алғашқы үш әйелден туған балаларым маған тек сыртқы сымбаты, бет ажары жағынан ғана ұқсайды, ал мінез-құлық, жүріс-тұрыс, ой өрісі жағынан бәрі де нағашыларына тартты. Бұл тұрғыдан қарағанда, бала ұзақ уақыт құрсақта көтерген, туғаннан кейін түн ұйқысын төрт бөліп, жарғақ құлағы жастыққа тимей мәпелеп өсірген анасына тартады екен деген қорытындыға келдім..».


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама