Балабақшаға арналған сабақтар топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Ана - өмір шуағы
2. Армысың, әз Наурыз
3. Сиқырлы сандықтағы 2 саны
«Ана - өмір шуағы»
Ертеңгілік өтетін зал мерекеге сай әдемі безендірілген.
Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар 8 – наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ардақты ана аяулы ана, қымбаттым.
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін.
Кең аясындай гүл бақтың.
(Көңілді музыка ырғағымен ән - күй залына балалар би билеп кіреді. Ұлдар қолдарындағы гүл шоқтарын қыздарға ұсынады).
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Б. Б. Орынбасарқызына беріледі.
Айтөре:
Сенен өскен балалар.
Батарлармен даналар!
Құттықтаймыз мейрамыңмен,
Құрметті аналар!
Инабат:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып.
Иманәлі:
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Назым:
Мейірімді, сымбатты,
Қадірменді қымбатты,
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер ол - Ана.
Абылай:
Ана – біздің күніміз.
Ана - біздің гүліміз,
Анамыздан тарайды,
Біздің ана тіліміз.
Меруерт:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Алмаз:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8 - наурызбен.
Балалар: Мерекелеріңізбен сүйікті анашым!
Ән: «Апатайым анашым».
Жүргізуші: Аналардың анасы, әжелерге арналған балалардың сыйын қабыл алыңыздар.
Мәдина:
Әжем менің әліде,
Ұқсамайды кәріге,
Шай қайнатып береді.
Біздің үйдің бәріне.
Айзере:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
«Қуыршақтар» әні
(Осы сәтте есік қағып, көңілді әуенмен Маша жүгіріп келеді).
Маша: Достарға сәлем! Мен таныдыңдар ма? Мен Машамын ғой! Ең ақылды, ең көңілді, ең тәрбиелі қызбын. Мен сендердің әжелеріңді, аналарыңды және қыздарды мерекемен құттықтау үшін әдейі ертегілер елінен келдім.
Жүргізуші: Маша бізге сыйлыққа не әкелдің?
Маша: (ренжіп) мен гүл шоқтарын дайындап едім. Бірақ оларды жүріп келе жатып шашып алдым.
Жүргізуші: Балалар біз Машаға гүлді жинап көмектесейік.
Ойын «Гүл шоғын жинау»
(Балалардың көмегіне риза болған Маша билей жөнелді).
Жүргізуші: Маша сен қандай тәттіні жақсы көресің.
Маша: Үлкен торт, варение.
Жүргізуші: Жоқты айтпа! Бізде варение жоқ. Ал тәттіні мерекеден соң аласың. Сен тәттіні көп жегеннен тістің ауыратынын білмейді екенсің ғой.
Біздің балалар оны жақсы біледі. Жалпы денсаулық жақсы болу үшін дене шынықтыру мен шұғылданған жөн. Қазіргі біздің балалар өздерінің қандай күшті екендерін саған көрсетеді.
Ойын: «Доппен секіру»
(Маша балаларға алғысын айтып, ертегілер еліне келді).
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады.
Балалар: Көктемде!
(Залға вальс әуенімен қолында сыйлық салынған себеті бар көктем кірді).
Көктем: Сәлеметсіздер ме, Балалар, аналар!
Сағыныш пен жеткен,
Келді міне көктем,
Жайнап нұрлы гүлі,
Мерекеңіз бүгін,
Құтты болсын аналар!
Жүргізуші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күнінің шұғыласын, сылдырын сағынды. Қазір біздің Айтөреміз сізге арнап ән салып береді.
Ән: «Менің Қазақстаным».
Жүргізуші: Көктем, сен балаларға не әкелдің?
Көктем: Мен сендерге көктемнің шұғыласын әкелдім(әртүрлі ленталарды шығарады). Қане балалар лентаны алып «Көктем» биін билейік.
«Көктем» биі.
Көктем балаларға алғыс айтады.
Жүргізуші:
Қандай ғажап күн бүгін,
Күміс - күлкі, жан – жағың.
Күлімдеген бар бала,
Жігіттер биін биледі.
«Теңізшілер» биі.
Ата - аналармен ойын. «Өз балаңды табыңыз».
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Көңілді әуенмен балалар дайындаған гүлдерін аналарға ұсынады.
Жүргізуші: Құрметті аналар осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.