- 05 нау. 2024 01:05
- 204
Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың есімдіктен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сызбалар, карточкалар, проектор, тест.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Психологиялық дайындық. (шаттық шеңберіне шақыру)
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)
Слайд арқылы көрсетіледі:
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі өзім - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? (С. Торайғыров)
Екі бүтін оннан үш, Жетеу,
Бес - алтыдан, Жүз отыз бесінші
Жүздеген, Екі жүз жетпіс,
Оқушылар алдыңғы сабақта өткізілген сан есімдерді қайталай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын қояды.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Сұраймын, жауап бер»
Оқушылар постер арқылы ізденіп жинаған қосымша мағлұматтарды қорғайды.
1 - қатар: Есімдікті зерттеген ғалымдар?
2 - қатар: Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктердің қазақ тіліндегі есімдіктерден айырмашылығы?
3 - қатар: Есімдік.
ІІІ. «Кім тапқыр» ойыны
Берілген өлең жолдары мен сөйлемдерден есімдіктің түрлерін табу.
1. Оқу - білім – бәрі де оқуменен табылған.
2. Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
3. Солардың қолы жеткен заманында,
Жолдас болып шеп бұзған қамалында.
4. Бұл оқиғадан туып кеткен жайлар ешқашан ұмытылмас өмір дастаны тәрізденеді.
5. Неге екенін білмеймін, Алматының әсем көркіне өз басым тойып көрген емеспін.
6. Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
7. Мынау не сарқыраған?
Қалайша сарқылмаған?
IV. Кітаппен жұмыс.
1 - қатар: 213 - жаттығу. Берілген есімдіктердің қандай түбірлерден бірігіп тұрғанын ажырату, фонетикалық талдау жасау.
Әрқашан, әркім, әлдеқалай, қайсыбір, бірнеше, кейбіреу, ешбір, әрқалай, әлдекім, ешкім, әлдене, ешқандай, ешқашан.
Әрқашан
7 әріп, 7 дыбыс, 3 буын
әр - тұйық, қа - ашық,
шан - бітеу, 2 тасымал.
әр - қашан, әрқа - шан
ә – дауысты, жіңішке, ашық, езулік.
р – дауыссыз, үнді.
қ – дауыссыз, қатаң.
а – дауысты, жуан, ашық, езулік.
ш – дауыссыз, қатаң.
а – дауысты, жуан, ашық, езулік.
н – дауыссыз, үнді.
2 - қатар: Мақал - мәтелдерге тиісті есімдіктерді қойып, орысша - ағылшынша аудару.
1. Біреу тойып секіреді,
Біреу тонып секіреді. (біреу - кто - то - somebody - самбади)
2. Ел - елдің бәрі жақсы, (бәрі - все - everything - эверизинг )
Өз елің бәрінен де жақсы. (өз - свой - its - итс)
3. «Сіз» деген әдеп, «біз» деген көмек. (сіз - вы - you - ю, біз - мы - we - уи)
4. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызынан ешқашан құтыла алмайсың. (ешқашан - никогда - never - невер)
Керекті сөздер: сіз, өз, біреу, ешқашан, біз, бәрі.
3 - қатар: Жұмбақты шешу. Жаңылтпаштарды тез айту. Есімдіктердің мағыналық түрлерін ажырату.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.