Балабақшаға арналған жоспарлар топтамасы
Топатамадағы сабақтар тізімі:
1. Көңілді жәрмеңке»
2. Шар мен би
3. Ойнаймыз, билейміз бәріне кел дейміз
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді жәрмеңке»
Сала: шығармашылық
Мақсаты: Бидің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды ұлттық би қимылын есте сақтай білуге үйрету. Дұрыс мүсінін, жүру мәнерін қалыптастыру. Ұсақ маторикасын дамыту. Ойын және би қимылын үйлестіру. Би өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: таныстыру рәсімі «көңілді жәрмеңке», сылдырмақ, әткеншек, сарафан, орамал, бөрік, аю, ән «Алтын жәрмеңке», әуенді орталық.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс – тәсілі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
«Алтын жәрмеңке» әуенімен залға кіру.(балалар жәй жүріспен аяқтарын 300 көтеріп аяқтың ұшымен, секіру марш әдістерімен жүреді).
Шеңбер бойына жиналып иіліп амандасады.
Барлық есіктен, барлық қақпадан
Біздің жәрмеңкеге
Барлығы асыққан
Кім жақсы еңбектенсе
Сол көңілді жүреді
Жиналыңдар халайық
Жәрмеңкеге барайық
Алдымен жаттығу жасайық.
Жаттығу (фонды әуен)
Жетекші: Шеңберге тұрамыз бір бірімізге қарап, ойынды бастаймыз.
Жетекші сөзін айтады, балалар қимыл жасайды.
Қане бері қарайық
Қолымызды соғайық
Соқ, соқ, соқ (қол шапалақтау)
Ал енді аяқпенен
Топ, топ, топ (аяқты тарсылдату)
Бір біріміздің қолымызды қысып, би билейік (балалар бір бірінің қолдарынан қысады)
Музыка әуенімен секіріп билейді
Біз жақсы биледік, жарайсыңдар. Енді жәрмеңкеге қарай жолға шығайық.
ІІ. Негізгі бөлім:
Ойын:
Жетекші: Енді біздер саяхатқа шығуымызға болады. Бір тізбекке жиналып жолға шығайық. (Бір тізбек бойымен балалар ирек жүріспен, аяқтың ұшымен, екі – екіден қол ұстасып жүреді).
Жарайсыңдар балалар жәрмеңкеге де келіп жеттік.
(Сылдырмақты барлығыңа таратып)
Сылдырмақ,
Сылдырлап,
Бесікте тұрады.
Бөпешім, былдырлап,
Сылдырмақ ұрады.
(Балалар сылдырмақты сылдырлатады)
Әуенді ойын: Біздің жәрмеңкеде кім аю болады? Біз ол үшін шеңберге жиналып санамақ айтайық.
Бір, екі, үш, – деп
Біздер санайық
Арамыздан аюды
Таңдап, тауып алайық
Жетекші: міне біздер аюды да тауып алдық (баланың басына аюдың бас киімін кигізеді)
Енді аю иіліп сәлем ет (аю иіліп сәлем етеді)
Енді аю айнал (аю айналады)
Енді бізбен достас!
Енді бізбен әткеншекте айналып ойна (аюға ленталар байланған әткеншек береді)
Ойын: «Әткеншек»
Аю залдың ортасында тұрып әткеншекті айналдырады, балалар лентадан ұстап әткеншекте айналады.
Ал енді бәріміз әткеншекте айналдық, кішкене отырып дем алайық.
Физминутка: Тыныс алу жаттығуы
Бастапқы жұмыс тыныс алу жаттығуын жасату. «Ұшақ»: қолды екі жаққа, алақандарын жоғары қою. Басты жоғары көтеру – дем алу. «жжж....» (дем шығару) деп айта отырып, жан – жаққа бұрылыс жасау, тік тұру, қолды жіберу, пауза. Мұрынмен дем алу, ауызда «түтікшелеп» дыбыспен бір уақытта ұзақ дем шығару. 2 – 4 рет қайталау.
Жетекші: Ұшақ жайды қанатын:
Ұшуға дайындалып.
Оң жаққа мен қараймын,
Жу – жу – жу....
Сол жаққа мен қараймын
Жу – жу – жу....
Міне біздер отырып тынығып дем алдық, жәрмеңкеде тауар көрдік. Бұл жәрмеңкеден ештеңе сатып алмай қалай кетеміз. Мен сіздерге тауар ұсынамын. Ол үшін сендер сұраққа дұрыс жауап берулеріңіз керек.
Менің сұрағым мынадай:
Сендер қалай ойлайсыңдар жәрмеңкеде не сатылады? (балалардың жауабына жетекші орамал таратады)
Орамал сатып алдық көңіліміз көтерілді. Көтеріңкі көңіл күймен адамдар не істейді? (билейді)
Онда не істеп отырмыз? Қане билейік
Орамалмен би
Жұптар қол ұстасып, диогональ бойынша екі жақтан шығады. Ұлдар екі қолын белдеріне қояды, қыздар сол қолымен ұлдарды қолтықтап ұстайды.
Жұптасып, екі қатарға бірінің артынан бірі тұрады екі қол белге, оң аяқ өкшесі оңға қарай қойылады, ал екі қол жоғары көтеріліп, екінші позицияға тұрады. Осы қимыл сол аяқпен қайталанады.
Оң аяқтың өкшесімен топылдатып, екі қол бірінші позициядан, екінші позицияға одан үшінші позицияны қайталап кеудесіне бірінші қолға екінші қолын қояды. Ұлдар қолдарын белге қойып, отырып – тұру қимылын жасайды. Отырып – тұрып оң аяқтың өкшесі жанына қойылады. Осы қимыл қайталанып сол аяқпен жасалады.
Бұл уақытта қыздар оң қолының сұқ саусағын бетіне қойып (матрешкақимылы), бір орында сертпе қимылын жасайды.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Жәрмеңкеде кімдерді кездестірдік?
2. Қандай аспапта ойнадық?
3. Жәрмеңкеде не істедік?
4. Жәрмеңкеде бізді кім қуантты?
5. Жәрмеңкеде не ұнады?
6. Қандай нәрсені орындау қиын болды?
ІV. Қорытынды:
Жетекші: Сіздер бүгін ойынға ат салыстыңдар. Жаттығуды жақсы орындап, әдемі биледіңдер. Қане маған көңіл – күйлеріңді көрсетіңдер.
Жарайсыңдар! (балаларға тәттілер тарату)
Балалар сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Балалар әуенмен залдан шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.