Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Балалардың Қожекеңді алдамақшы болуы

Бір күні көп бала жиылып, Қожекеңді алдап, киімдерін алып қашпақ болады. Анадайдан келе жатқан әпендіні көріп, бәрі өтірік жылап қоя береді.

— Иә, сендерге не болды? — дейді Қожекең.

— Мына талдың басында құстың балапаны бар екен, соны ала алмай тұрмыз, — дейді кемсеңдеп біреуі.

— Жарайды, мен қазір алып берейін, — Қожекең етігін, сырт киімдерін шешіп, беліне байлап алады.

— Әпенді, бұныңыз қалай? Киімдеріңіз осында қалсын, ауыр болады ғой, — дейді балалар.

— Оқасы жоқ, біздің үйге баратын жол сол жақтан да шығып қалуы мүмкін. Онда балапанды жоғары тастаймын, — депті Қожекең.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама