Бақытжан Қаратаевтың большевиктік Орал газетіндегі Ашық хаты: тарихи сипаты мен мәні
Жалпы бір жайт болуы үшін себебі қажет. Жайдан жай ештеңке де болмайды. Сол секілді бәрімізге мәлім Бақытжан Қаратаевтің “Ашық хатының” жазылуының да өзіндік үлкен мәні бар. 1906 жылдары Ресей өлкесінде ушыға бастаған аграрлық реформа, хаттың жазылуына түрткі болды. Алдымен Аграрлық реформа жайлы қысқаша айтып өтейін. Аграрлық реформа бұл - 1906 жылғы 9 қарашада патша жарлығымен енгізіліп,1917 жылы жойылған Ресейдегі жер тапшылығы мәселесіне байланысты көтерілген ауқымды проблема. Реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған П. А. Стольпин. Негізгі мәні Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын жою. Ал оны жою үшін, өлкенің шаруаларын шеткі аймақтарға, атап айтқанда Далалық облыстар территориясына мен Жетісу, Семей облыстарының территориясына қоныс аударту. Осы арқылы шеткі аймақтар да игеріледі, жер тапшылығы да жойылады. Байқап тұрғандарыңыздай бір оқпен екі қоян ату. Бірақ та таяқтың екі басы бар демекші, бұл ресейдегі проблеманы шешкенімен, қазақтардың басына жаңа проблема алып келетіні ресей үкіметінің басына кіріп те шыққан жоқ. Қазақ жеріне Ресей шаруалары қоныс аударады дегеніміз, жергілікті тұрғындардың өз жерлерінен айырылуы.
Бәрімізге белгілі қазақтың көптеген жері ұшы-қиыры жоқ сортаң дала. Оның барлығы құнарлы емес. Аграрлық реформа өз күшіне енгеннен кейін, белгілі комиссия мүшелері қазақ жеріне зерттеуге келеді. Ондағы мақсаты орыс шаруаларының қоныс аударатын жерлерін анықтау. Бірақ өз кезегінде бұл комиссия мүшелері де толыққанды зерттеу жүргізген жоқ. Аймақтың географиялық орнына, тарихи сипатына ешқандай көңіл аударған да жоқ. Яғни жерді , иемдену , оның заңды иелерінен тартып алу. Құнарлы жерді орыстарға,ал қалған сортаң,құнарсыз жерге қазақтарды ығыстыру. Ал бұл өз кезегінде қазақтардың наразылығын тудырмай қоймады.
Міне Бақытжан Қаратаевтің “Ашық хаты” осындай жағдайда жазылған. Енді ашық хатқа қысқаша шолу өткізейік. Бұл хатта былай делінеді,” Қазақ халқы Ресейде ушығып тұрған аграрлық мәселенің тез шешім қабылдау қажеттігін түсініп отыр. Біз шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сезінеміз,артық жерлеріміз болса ризашылығымызбен ығысып орын беруге де дайынбыз. Зерттеуші Щербина Дала облысының уездерін ,атап айтқанда Торғай,Ақмола,Семей өлкелерінің тек құнарлы жерлерін ғана зерттеген. Бірақ Щербина олардың оңтүстік уездеріне бара алмады. Сіздер қазақты тек қана көшпелі шаруашылықпен айналысады деп ойлайсыздар. Жоқ мырзалар, қазақтардың көшпелісі де,отырықшысыда бар. Ондаған жылдар бойы,егін егіп, сонымен күнін көріп отырған қазақтарда жетерлік. Сіздер Дала облыстарына қоныс аударта отырып,іс жүзінде қазақтарды өз туған мекенінен қуып шығумен айналысудасыздар. ”
Халықтың мүддесі көзделмейтін кез келген елде теріс,қарсы пікірлер болады. Біз білетін ХХ-ғасырдың басындағы билік саясаты , тек қана бір ұлттың, не бір саясаттың мүддесін көздеген. Сол үшінде әділетсіздіктер орын алды. Бақытжан Қаратаевтың ашық хатын оқи отырып,ол кісінің сондай сауатты, дұрыс сөйлейтін адам екендігін байқаймыз. Өйткені қанша жерден әділетсіздік жасалып жатса да, хатты өзінің адами әдебінен аспай,мәмілеген келу мақсатымен,ешқандай агрессиясыз жазған. ”Шаруа бауырларымызға ризашылықпен жер бөліп береміз” , “Сіздердегі аграрлық мәселені терең түсініп отырмыз” . Бұл жерден қазақтың “жылы - жылы сөйлесең,жылан ұясынан шығар ” деген сөзі, Қаратаевтің ашық хатта қолданған жазу әдісіне сай келеді.
Бұл ашық хаттың мәні сол уақытта да,бүгінгі күнде де өте зор. Жалпы ол қилы заманда биліктің айтқанына ешкім сыни көзқарас білдіре алмаған. Егерде ашық хат жазылмағанда, мүмкін қазір тарих басқаша сөйлерме еді. Өйткені Ашық хатты оқымай тұрып,Стольпиннің аграрлық рейформасын оқысаң,қазақ өлкесіне орыс шаруаларын көшіру,бірден бір дұрыс идея. Неге? Өйткені шеткі аймақ игеріледі,жер тапшылығы жойылады. Бірақта, ол жердің иесі кім,жердің жағдайы қалай,кім қайда қоныс аударады, күштінің әлсізді қанауы секілді әділетсіздіктер болмайма деген мың - сан сұрақ жауапсыз қалады. Ал Қаратаевтың “Ашық хатының” мақсаты сол сұрақтарды биліктің құлағына ,одан әрі санасына жеткізу.
Білімді адам әр қашан көш бастайды. Оған менің көзім жетті. Кім ел мүддесін көздесе,оны халық ешқашан ұмытпайды.
Закиров Омар