Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 33 минут бұрын)
500-ден астам теңіз жаяу әскері «Оймаша» полигонында танк астынан өтті

«Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскері бригадасының 542 жас сарбазы жас жауынгер курсының маңызды кезеңі – танк астынан өту және кедергілерден өту жаттығуын орындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әскерге жаңадан келгендер әскери жарғыларды зерделеуге, саптық және дене даярлығын, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану дағдыларын меңгеруге кірісті. Теориялық негіздерді оқып-білгеннен кейін теңіз жаяу әскерлері тактикалық алаңда практикалық тапсырмаларды орындауға көшті. Жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада әскери қызметшілер окоптарды алып, жалған оқ-дәрілермен атыс жүргізіп, оқу жарықшақтарын лақтырып, шартты жауға қарсы тактикалық маневрлерді броньды техниканың қолдауымен орындады.

Жас сарбаздардың психологиялық дайындығына басымдық берілді

«Басты назар жас сарбаздардың шартты жаудың танк бөлімшелеріне қарсы іс-қимыл жасауға дайындығына және жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталды. Қойылған барлық мақсаттар толықтай орындалды, жауынгерлер танк астынан өтуді және кедергілерден өтуді сәтті аяқтады», - деді жас толықтыруды жинақтау бастығы, подполковник Жеңіс Ахметқалиев.

Ол сондай-ақ, танк астынан өту – жас толықтыруды даярлаудың маңызды кезеңдерінің бірі екенін, бұл жауынгерлердің төзімділігін, сенімділігін және күрделі жағдайда әрекет етуге дайындығын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Жас жауынгерлердің жауынгерлік рухы

«Танк тікелей окоптың үстінен өткенде қатты толқыныс пен үлкен жауапкершілікті сезінесің. Бірақ дәл осындай сәттерде сабырлылық келеді және жауынгерлік тәжірибе жинақтайсың. Командирлер мен жолдастардың қолдауының арқасында мен қорқынышты жеңіп, өз күшіме деген сенімділікке ие болдым», - деп өз әсерімен бөлісті Ақмола облысынан шақырылған гвардия қатардағы жауынгері Нұрлан Борамбай.

Практикалық сабақтар жас сарбаздардың әскери қызмет жағдайларына моральдық-психологиялық бейімделуіне бағытталды. Жас жауынгер курсы аяқталғаннан кейін, мамырдың 23-і күні теңіз жаяу әскерлері Ант қабылдайды.

Жаңалықтар

Жарнама