Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 25 минут бұрын)
Танымал актер Нүркен Иманқұлов әке атанды: Екінші әйелінен ұл сүйді

«25 теңге» және «Келінжан 2» сынды танымал телехикаялар арқылы көпшілікке кеңінен танылған актер Нүркен Иманқұлов әке атанды. Актердің екінші әйелінен ұл дүниеге келді.

Бұл қуанышты жаңалықпен актер өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ол сәбиіне Әбдез Алан Нұркенұлы деген есім бергенін айтып, есімнің мағынасын түсіндірді: «АЛАН: жолбарыстың күшігі, баһадүр, қайратты, жүректі, қорғаушы мағынада!».

Актердің айтуынша, маңызды күндері әрдайым жаңбыр жауып тұрады екен. Ол бұл жаңалықты да қуанышты белгі деп қабылдап, баршаға алғыс білдірді.

Желі қолданушылары актерді құттықтап, тілектерін жаудыруда.

Айта кетейік, бұл Нүркен Иманқұловтың екінші некесі. Бірінші әйелінен оның екі ұлы бар.

Жаңалықтар

Жарнама