Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Басқару ұғымы, мазмұны және түрлері

Объективті түрде байланысты әлеуметтік құбылыс ретінде таралған басқару, ал оның құрамдас бөлігі болып әлеуметтік басқару саналады. Сонымен, латын тілінен шыққан «administratio» (әкімшілік басқару) термині белгілі қызмет түрін сипаттайтын құрал болып саналады, яғни қоғамдық мақсатқа жету үшін жасалынатын әрекеттер жиынтығы кең мағынада басқару, неге (немесе біреуге) басшылық жасауды білдіреді. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары жаңа ғылыми бағыт-кибернетика пайда болды, оның оқу пәні болып әр түрлі облыстардағы басқару процестері саналды. Математикалық аппаратты, математикалық логика және функция теорияларын пайдалана отырып, автоматикалық реттеу, ақпараттық және көптеген басқа дағылым салаларының теориялары жетістіктерін біріктіруге қол жетті. Бұл ғылым басқару, байланыс, бақылау, реттеу, қабылдау, қиын динамикалық жүйелердегі ақпараттарды сақтау және өңдеу сұрақтарын қарастырады. Қазіргі кезде жалпы танылған келесі басқару түрлерін атауға болады, олар: механикалық, техникалық (машиналарды, технологиялық процестерді басқару), биологиялық (тірі организмдердегі процестерді басқару), әлеуметтік (адамдардың және олардың ұжымдарының мінез-құлқын басқару). Аталған әрбір басқару типтері өзінің тағайындалуымен, сапалық өзгешелігімен, ерекшеліктік белгілерімен, басқарушылық функциялар мен операцияларды жүргізу қарқындылығымен айрықшаланады.

1. Басқару — әр түрлі табиғат жүйелерінің биологиялық, техникалық, әлеуметтік ұйымдасқан бүтіндігін қамтамасыз ететін функциясы, яғни алдарында тұрған міндеттерге жету, олардың құрылымын сақтау, олардың қызметінің жағдайын тиімді қалыпта ұстау.
2. Басқару — қандай да бір жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттік мүддесіне қызмет етеді.
3. Басқару — бүтін жүйенің ішкі саласы, оның негізгі ісін ұйымдастыру (өзін басқару) бастауында, өзара әрекеттік ететін элементтері субъект (басқару элементі) және нысан (басқарылатын элемент) болып саналады.
4. Басқару — қызмет, әкімшілік — бұл қызметтің негізгі субъектісі, билік — оны жүзеге асырудың негізгі құралы, атқарушы билікті жүзеге асыратын субъект. Бұл өзіне үш негізгі белгіні құрайтын түсінікпен байланысты. Басқару (атқарушы, әкімшілік), аппарат (қызметкерлер органдар жиынтығы), атқаратын қызметі (басқарушылық, атқарушы, әкімшілік) және осыған байланысты қолданатын басқару (атқарушы әкімді билік).
5. Басқару — іс мәнісі жағынан субъектінің нысанға басқарушылық әсер етуі, оның мазмұны болып жүйені реттеу, оның қызмет етуін қамтамасыз ету. Бұл мақсатта бағытталған реттеумен әсер ету — субъекті мен нысанның арасындағы байланыс және оны басқарудың нақты субъектісі жүзеге асырады.

Басқарудың мәнін ашатын «жүйе» ұғымы, мынадай келесі белгілердің болуымен сипатталады: міндеттер мен мақсат; басқарудың субъектісі мен нысаны; функциялар; ұйымдық құрылымы; бірлігі; жүйе элементтерінің дербестігі және өзара байланыстылығы; қызметтің белгіленген әдістері мен нысандары. Жалпы мағынада басқару, басқару субъектісінің басқару нысанына ақпараттық байланыстар мен қатынастар негізінде, жүйенің қызметін тиімді жасау мақсатында бағытталған әсер етуі деп түсінуге болады. Басқару анықтамасының ең дәл түсінігін ресейлік ғалым Г.В. Атаманчук беріп отыр: басқару — бұл адамдардың қоғамдық өмір тіршілігіне мақсатты, жасампаз, ойластырылған, ұйымдастырылған және де арнаулы құрылған органдар мен құрылымдар (мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, қоғамдар, кеңестер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

Басқару мәні көптеген жылдар бойы өзгеріссіз келе жатқандығын атап өтуге болады. «Басқару» анықтамасы түсінігін анықтай отырып, менеджмент классигі А.Файоль келесі алты функцияны көрсетеді:

1. техникалық операциялар (өндіріс, өңдеу);
2. коммерциялық операциялар (сатып алу, сату және айырбас);
3. қаржылық операциялар (қаражаттарды тарту және оларды иелену);
4. сақтандыру операциялары (адамдар мен мүлікті сақтандыру және қорғау);
5. есептік операциялар (бухгалтерия, калькуляция тауар және басқалардың өзіндік бағасын және сатып алынатын, сататын бағасын есептеп шығару), есепке алу, статистика және т.б.;
6. әкімшілік операциялар (алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқарушылық, үйлестіру және бақылау).

Әкімшілік операциялар мағынасын аша отырып, ғалым мынаны түсіндіреді: «Басқару — алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқару, үйлестіру және бақылау»;

—  алдын ала болжау, яғни болашақты ескеру және әрекет бағдарламасын өңдеу;
—  ұйымдастыру, яғни кәсіпорын организмінің материалдық және әлеуметтік құрылысын жасау;
—  басқару, яғни қызметкерлер құрамын тиімді жұмыс істеуге мәжбүрлеу;
—  үйлестіру, яғни барлық әрекеттер мен барлық күшті байланыстыру, біріктіру, үндестіру;
—  бақылау, яғни барлық іс-әрекеттер белгіленген ережелер мен берілген өкімдерге сәйкестікте істелуінің қамын ойлау.

Әдебиеттерде жүйенің бірнеше түрлері қарастырылады: техникалық жүйе (энергиялық жүйе, ақпараттық-есептеу желісі, технологиялық процесс және т.б.); әлеуметтік-экономикалық жүйе (салалар, жкелеген кәсіпорындар, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.); ұйымдастырушылық жүйе, оның негізгі элементі — адам. Адамдар ұйымға басқару көмегімен міндеттерді шешу үшін кіреді. Ұйым — адамдардың саналы түрде бірігуі, яғни жүйелілігімен, құрылымдылығымен сипатталынады, белгіленген мақсаттарға жетуді жетуді көздейді және қоғамдық маңызы бар міндеттерін шешу үшін басқарушылық процестер орын алады.

Қандай да болмасын басқарушылық процеске келесі сипаттамалық ерекшеліктер тән: аяқталынған жүйенің құрылу қажеттілігі және қызмет етуі; жүйеге мақсатты бағытталған әсер ету, оның нәтижесі болып, қойыдған міндеттерді орындау қабілеттілігіне қажетті қатынастар мен байланыстардың реттелгендігіне қажетті қатынастар мен байланыстардың реттелгендігіне қол жеткізу саналалады; басқарудың нақты қатысушылары ретінде басқару субъектісі мен нысанының болуы; басқаруға қатысушылар арасында негізгі байланыстырушы звено ретінде ақпараттың болуы; басқару құрылымында төмен шенділердің т.б. жоғары шенділерге бағыну тәртібінің болуы; басқару нысанының басқару субъектісіне бағынушылығының әр түрлі формаларының болуы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама