Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Бастауыш сыныптарға қазақтың салт-дәстүрі туралы қосымша сабақ енгізу ұсынылды

Бастауыш сыныптарға қазақтың дәстүрі туралы қосымша сабақ енгізу ұсынылды.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғани Ташқараев педагогтармен және жастармен кездесуде мәлім етті.

«Парламент Мәжілісінің депутаттары арасында бастауыш сынып оқушыларына «Қазақтың салт-дәстүрі» атты қосымша сабақ енгізу мәселесі талқыланды. Өйткені, қазақ елінде дүниеге келген әр бала өз салт-дәстүрі мен тарихын ерте жастан білуі тиіс», - деді Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев.

Кездесуде этносаралық қарым-қатынас, педагогтардың жалақысын көтеру секілді мәселелер қозғалды.

«Әр қазақстандық жастың салт-дәстүрді берік ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасалуы керек. Сол себептен, бұл мақсатта нақты жұмыстар атқарылатын болады», - дейді Мәжіліс депутаты. Ғани Ташқараев Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатым атыраулық педагогтар мен жастардың бір тобына тапсырды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама