Бастауышым-балбұлағым
Балқаш қаласы,
«Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сейткалиева Светлана Несипбекқызы
Бастауышым - балбұлағым.
Мұғалім:
- Қош келіпсіздер құрметті қонақтар! Бүгін біздер үлкен бір тойдың куәсі болғалы отырмыз. Бүгін міне, осыдан 4 жыл бұрын кішкентай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз, 4 жылдық білімді игеріп, бастауыш мектеппен қоштасқалы отыр. Ендеше бастауышпен қоштасу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Олай болса бүгінгі кеш куәгерлерін ортаға шақырайық.
Толқимыз, толқып тұрсыз, баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметтеп шақырайық
4 «А» сыныбын ортамызға.
1 - бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан. Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2 - бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер.
Бастаушылар қосыла: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1 - бастаушы
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
2 - бастаушы:
Шашу, шашу, шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Хормен: Мектеп – кеме, Білім - теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
Хор: Армандастар.
1 - көрініс. «Жалқаубек»
Білімбек пен Жалқаубек бір - бірімен амандасады.
- Сәлеметсің бе, Жалқаубек!
- Привет, Білімбек!
Білімбек:
- Жалқаубек, біз бүгін №15 мектептің 4 «А» сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасқалы отырмыз. Сен қайда жүрсің? Сен де бір ақылыңды неге қоспайсың?
Жалқаубек: А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың? мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын. Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді ғой. Ол кісілердің айтқанына көне алмай қаламын ба деп қорқамын.
Білімбек:
Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сынпта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда, әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.
Жалқаубек: Мұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейін.
Білімбек: Әй, Жалқаубек, қой көп сөзді, онан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып, ренжітпей, жоғары сыныпта өз тәртібімізді, білімімізді көрсетейік. Келістің ғой, Жалқаубек?!
Жалқаубек: Келістім. Одан да бәріміз бірігіп ән салсақ қайтеді?
Білімбек: Өте жақсы. Айтсақ, айтайық.
Хор: Жас ұландар.
3 - оқушы:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
4 - оқушы:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
5 - оқушы:
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш - әлім
Биікке самғап ұшармын
6 - оқушы.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады -
Деуші едің,- біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
1 - бастаушы
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып, басымызды иеміз. (Ата салты бойынша бас ию үлгісін көрсету.
Хормен:
Ұстаздық еткен жалықпас,
Ұстазыма мың алғыс!
Ән. «Жарқын жүзді ұстазым».
1 - бастаушы
- Балнұр, балаларға бір сұрақ қойсақ па деп тұрмын. Сен оған қалай
қарайсың?
2 - бастаушы
Қойсақ, қояйық.
1 - бастаушы:
Біз нені үйрендік?
7 - оқушы
- Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.
8 - оқушы:
- Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық жасауды.
2 - бастаушы
- Біз нені сүйеміз?
9 - оқушы:
Отанды, ата - ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымызды, мектебімізді.
1 - бастаушы
Біз нені ажырата білеміз?
10 - оқушы:
- Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.
2 - бастаушы
- Біз кім боламыз?
11 - оқушы.
Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.
2 - бастаушы
Ұстаз жаққан шырақты
Өшірмейік балалар,
Бәрін - бәрін білесің
Оқи берсең кітапты - дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға шақырамын.
1 - бастаушы
Қымбатты қонақта! Қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен, оралымды, келісті мақал - мәтелмен небір үлкен дау-дамайларды шешкен. Сондықтан мақал - мәтелдерді үйрену, оның мағынасын түсіну бізді қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрпын түсінуге, шеберде, әдемі сөйлеуге үйретеді.
Қанекей, ендеше мақал - мәтелдердің мағынасына үңіліп көрейік.
Мақал - мәтелдер айтысы.
Сырым:
- Сәлеметсіз бе? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.
Әлішер:
- Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы бала сәлем береді,- демекші қалыңыз қалай?
Аян:
- Алыстан сәлем береді әдепті елдің баласы,- дегендей қандай әдепті баласыңдар.
Шәкәрім:
- Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады деуші еді келіңіздер, төрге шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.
Ерслан:
Жат асына қарайды, дос басына қарайды - деуші еді аталарымыз, қысылмаңыз.
Сырым:
Қонағын сыйласа төрге шық - дегендей төрге шығайық.
Әлішер:
Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше – демекші таныса отырайық.
Ерслан.
Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл – деген. Есіміңіз кім болады?
Менің есімім:
Шәкәрім:
Ас адамның – арқауы - деген ас алып отырайық.
Аян:
- Ойбай - ау, жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.
Сырым:
Досыңның асын, қасыңдай іш - демекші Алла риза болсын.
Әлішер:
Дастарханға ас қойдым, екі қолды бос қойдым – демекші досың көп болсын.
Аян:
Көңілмен берсе қара су да бал татыр.
Әлішер:
Иә, досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам - демекші досың көп болғанға не жетсін!
Шәкәрім:
Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер»- дегендей өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.
Сырым:
Алдымен «Ауылдың алты ауызы» айтылмаушы ма еді?
Ерслан:
- Жарайды, «Ауылдың алты ауызын» мен бастайын.
Күй «Тепеңкөк»
Әлішер:- Құтты қонақ келсе қой егіз табады - дегендей, ауылымызда той болып жатыр.
Ерслан:
Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын - деген.
Аян:
Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ - жақсы отырдық қайтайық.
Шәкәрім:
Қырықтың бірі – Қыдыр - деген, келіп тұрыңыздар.
Сырым:
Таз таранғанша – той тарқар - демекші қайтайық.
Аян:
Тойған жерге – тоғыз кел - демекші тағы келіп қалармыз.
Шәкәрім:
Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал - деген, қане бір бата беріп жібер.
Аян: Бата береді.
Жүйрік тілді ақын бол
Жақсыларға жақын бол.
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол.
Ұсақ болма, ірі бол
Өз ортаңның гүлі бол
Ата - анаңның көзінің сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір
Азаматтың бірі бол
Туған елдің ұлы бол.
«Қара жорға» биі.
1 - бастаушы
О, ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.
2 - бастаушы
Қарлығаш апай сізді айтып мақтанамыз,
Бейнеңізді жүректе сақтаймыз.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пенен сеніміңізді ақтаймыз.
Хормен:
Мың алғыс сізге түлектен,
Мың алғыс отты жүректен.
1 - бастаушы
Қарлығаш Шәкірімқызы! Келесі өнеріміз өзіңізге арналады.
Би: Тарантелла Дәрия
2 - бастаушы
Балалар, сендерге тағы бір сұрақ қойғым келіп тұр?
- Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен:
Ұстаздың көрсеткен жолы.
Ата - ананың ақылы -
Болашаққа деген сенім.
1 - бастаушы:
Биыл елімізде қандай оқиғалар болды және қандай мерейтойлар бар?
12 - оқушы:
Мен Қазақстан деп аталатын мемлекетте туғаныма мақтан етемін. Биыл бүкіл елдің басын қосқан Саммит еліміздің жүрегі Астана қаласында өте жоғары деңгейде өтті.
13 - оқушы:
Қысқы Азиада ойындары да Қазақстанда өтіп еліміздің қоржынына қаншама медальдар құйылып, Азиядағы мемлекеттер арасында бірінші орынға көтерілді.
14 - оқушы:
Сонымен қатар 3 - сәуір күні кезектен тыс ашық Президент Сайлауы өтіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттілігі 2020 жылға дейін ұзартылды.
15 - оқушы:
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне тура 20 жыл толады. Біз де осы Тәуелсіздігіміз баянды болып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді.
Хор: Отаным - Қазақстан
2 - бастаушы:
Біз қазір қандаймыз, енді 20жылдан кейін қандай боламыз? Тамашалаңыздар!
(Әр оқушы өзінің кім болатынын атап өтеді)
1. Суретшілер Диана, Күнасыл
2. Домбырашы Әлішер, Ерслан
3. Өрт сөндіруші Ілияс
4. Мұғалімдер Жадыра, Әсем, Аяжан
5. Футболистер Мирас, Жанайдар, Темірлан
6. Дәрігер Айым
7. Биші Дәрия
8. Ұшқыш Дастан
9. Ғарышкер Шәкәрім
10. Дизайнерлер Наурыз, Арай
11. Әнші Сырым
12. Ғылым министрі Дамир
13. Қаржыгер Аян
14. Журналист Балнұр
Боранбайұлы Аянның зерттеу жұмысы
Біз сыныпты 21 баламен аяқтап отырмыз.
Оқу үздіктері - 2
Оқу озаттары - 13
Үлгермеушілер - 0
4 жылда 2918 рет сабаққа қатыстық
Таңғы асымызды 15440 рет іштік
4 жылдағы бағалар саны - 3740
4 жылдағы қоңырау саны - 68000
1 минутта ең көп оқылған сөз - 182
4 жылда 6552 дәптер жазып тастадық
Жалпы бойымыз - 28 м 60 см
Жалпы салмағымыз - 770 кг
1 - бастаушы:
Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып жөн сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан – мұғалім – дей келе бізге сабақ берген ұстаздарымызға өзіміздің ыстық лебіздерімізді білдіреміз.
16 - оқушы:
Орысшаны жаттаймыз,
Орыс тілінен қалмаймыз.
Шарбат Шайкуловнаның арқасында
Орысша біз сайраймыз.
Ұнатады ол енді
Орысшаны білгенді
Шарбат Шайкуловнаның арқасында
Қысылмаймыз біз енді
2 - бастаушы
Келесі көрінісіміз Шарбат Шайкуловнаға арналады. Учитель и ученики.
17 - оқушы:
Балғын сәби болсақ та
Қадіріңізді білеміз
Қай қиырға қонсақ та
Май нем из деп үйреткен
Аманкүл Тлеубекқызы
Өзіңізбен біргеміз.
1 - бастаушы:
Мына әніміз өзіңізге арналады. Қабыл алыңыз (ағылшын тілінде ән орындалады)
18 - оқушы.
Асыр салып ойнаймыз
Жаттығуды жасаймыз
Бойымызға күш жинап
Шынығуға жараймыз
Сәуле Абдуевна сіз үшін
Бәріне де дайынбыз.
2 - бастаушы:
Келесі өнеріміз Сауле Абдуевнаға арналады. Қабыл алыңыз.
19 - оқушы:
Ән салғызып, билетіп
Нотаны да үйретіп
Жаулап алат жүректі
Ән мен күйге бөлетіп
Хорға да бізді дайындап
Әрбір іске қарайлап
Елдос ағай тұрады
Көзінен күнде нұр ойнап.
1 - бастаушы:
Келесі өнерімізді Елдос ағайға арнаймыз.
2 - бастаушы
Иә, бүгін әңгіме еткеніміздей мектеп тәрбиесіндегі басты тұлға - ол ұстаз, ал жанұядағы әрине ол ата - ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілікті бере білген ата - анамызға алғысымызды білдіріп әнімізді арнаймыз.
Ән: Қазақы дастарханым Сырым
20 - оқушы:
Бастауышым - балбұлағым
Алдым сенен білім дәмін
Әріп танып, білім алып
Алғысымды жаудырамын.
2 - жүргізуші:
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым - балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне
Қимастықпен қол бұлғаймын – дей отырып қоштасу вальсін тамашалайық..
Қоштасу вальсі.
1 - жүргізуші:
Ендеше, 42 әріпті танытып, білім берген алғашқы ұстазымыз
Светлана Несіпбекқызын ортаға шақырамыз.
Мұғалім:
Құрметті ата - аналар, әріптестер! Бүгін «бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілікте осы төрт жылда арман қуып, білімге ұмтылған шәкірттерімнің өнерін көріп, үміт - армандарының қандай екенін естіп тамашаладыңыздар. Халқымыздың ізгі салт дәстүрлерінің бірі – үлкендерден бата алу.
«Жауынменен жер көгереді, батаменен ел көгереді» дейді халқымыз. Ендеше ата - аналарымыздан бата тілейік.
Мұғалім:
Халқымыз «Тон жағасыз болмайды, ел ағасыз болмайды» дегендей алтын ұя мектебіміздің басшысы Қарлығаш Шәкәрімқызына сөз береміз.
Мұғалім:
Қош менің түлектерім! Алдарыңда орта білімнің ақ айдыны күтіп тұр. Ақ тілек, ақ бата қабыл болып, ақ желкендеріңіз арман жағалауына адастырмай жеткізсін!
Бастауышты бітірген бағыландарым
Қуат берсін білімнен қорғандарың
Алтын бесік арманға жетелейді,
Орындалсын сол асқақ армандарың.
Ақ жол саған менің бастауыш сыныбым!
Хормен:
Азаматы болсын деп саналы елдің
Кілтін бердің білімнің, сан өнердің
Қимай - қимай біздерді, аяулы ұстаз
Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің.