Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Басты мәселе  –  оқушының қызығушылығын арттыру

Қарағанды қаласы
№10 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жахина Бахыт Хайроллаевна

Еліміз тәуелсіз мемлекет болғанына биыл жиырма бес жыл болды. Аталған датада бірнеше жұмыстар жасалып, орындалуда. Білім саласында да көптеген жаңа әдіс-тәсілдер енгізіліп жатыр. Солардың бірі - Республикамыздың өңір-өңірлерінде мұғалімдерді деңгейлік курстарға жіберіп, оқытудың заманауи үлгілерін оқыту. Өйткені бұл – бүгінгі заман талабы. Бүгінгі таң мұғалімі заманауи болмағы ләзім. Деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер өз деңгейлері бойынша жұмыс атқарып, білім сапасын көтеруге ықпал етуде. Себебі онда пайдаланатын тәсілдер оқу үлгерімі төмен оқушының өзін де ынталандырып, оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құштарлығын молайтады. Егер де осындай курстармен еліміздегі мұғалім қауымының барлығы қамтылса, білім саласында күрт өзгерістің болғанын сеземіз.  Әрине, бұл – мемлекеттік мәселелер.

Топтастыру әдісі бұдан бұрын да қолданылып жүретін әдіс, дегенмен, ол толықтай зерттелмеген еді. Ал қазір, топтастырудың әр түрлі тәсілдерін ойлап табуда, және де ол зерттеліп, тәжірибе жүзінде де тексерілуде. Топқа бөлудің өзінде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі ойындар қолданылады. Маған сабақты осылай құлшына бас таған кезеңі ұнады. Оқушылар өздері өздерін топқа бөліп, талас-тартыссыз орнын тауып отырады. Мұғалімнің жұмысы да біршама жеңілдейді. Ал балалар, әр сабақта жаңа ойн ойнай отырып, жаңа ақпаратқа ие болады, алған ақпаратын күнделікті өмірімен салыстырып, керек жіне керек емес жақтарына талдау жасап та үлгереді.

Әрине, деңгейлік оқуды оқыған педагогтердің сабағына кірсең, ерекше сезіммен шығасың, яғни сол пәнге деген оқушылардың қызығушылығын, тақырыпты меңгеруге деген ұмтылысын көріп, жастардың білім мен ғылымды игеруге ынта-ықыласының қаншама жоғары екендігіне ырза боласың.  

Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Бүгін қандай бала тәрбиелесек, ертеңгі өміріміз сондай болмақ. Дана халқымыз айтты емес пе «еңбегіне қарай өнбегі», - деп. Қазір дарынды жастар өте көп, кейде қарап, куанасың, кейде қайғырасың. Солардың кейбіреулері өз білгенін дұрыс қолдана алмай, немесе арнасынан ауысып кеткен сықылды көрінеді. Осындай жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруге осы әдіс-тәсілдердің тигізер көмегі мол болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, осындай сабақтың қай-қайсысында болмасын, оқушы өзін еркін сезінеді. Ойын жасырып қалмай, ортаға салып, құлашын кең жаюға мүмкіндік алады. Өз бетінше ізденеді. Ал ізденімпаз, шығармашыл, ойшыл жастардан болашақ үлкен үміт күтіп отыр. Олар мүмкін, ғылымның жаңа бір саласын ойлап табар, немесе зерттелмей жатқан жұмыстарды соңына жеткізіп, оңды шешімін табар, сондықтан, сабақ барысында шәкірттеріңді ізденімпаздыққа тәрбиелеп отыру қажет.

Ал мұғалімнің жұмысы біршама жеңілдеп, алдындағы баланы жетелеп, тура бағытқа салып отырады. Тек бағыт беріп қана қоймай, үнемі ізденуде болады. Жаңашыл, тәжірибелі мұғалімдер жетерлік, тек білімдерін шыңдап отыру керек. Бүгінгі тәжірибелі, бетке ұстар мұғалімдеріміз әр сабағында өз оқушыларына қоршаған ортасы мен тақырып желісін салыстырмалы түрде жүргізеді.  Салыстыра отырып, нәтиже шығарады. Шыққан нәтиже, әрине тәжірибеде анықталады. Алдына қойған мақсатына жетеді. Қырық бес минутты ұтымды пайдаланып, баланың бойына ізгі қасиеттерді сіңдіруге әрекете етеді. Өйткені педагог тек оқытып қана қоймай, үнемі тәрбиелеп отырады. Осы егіз ұғымды қатар алып жүрсек, өз егісіміздің жемісін жейміз. Тәрбиеленушілер әрі жылдамдылыққа, әрі шығармашылдыққа, әрі шешендікке үйренеді.

Топ алдында топ жарып, еркін сөйлеуге дағдыланады оқушы. Бар білгені мен түйгенін ортаға салып, пікір бөліседі. Ал жетекші мұғалім, олардың пікірлерін жоққа шығармай, қолдап отырады. Оқыс қателіктері болса, түзетіп, орынды пікір айтылады. Сонымен қатар, қарсы топтар да бір-бірінің пікірі мен ойын сыйлауға, әркімнің ойлау қабілеті әр басқа екендігіне көдері жетеді. Бұл оларды келешекте, мәдени қарым-қатынаста болуға, кез келген жағдайда қарсыласа бермей, ортақ шешім таба білуге ынталандырады.

Сөз соңында, әріптестерімді бір орында тоқтап қалмай, қашан да қозғалыста болуға үндегім кеп тұр. Ағын су да бір орында жинап тұрып қалса, сасып, иісі бұзылып, құнары жоғалады. Егер үнемі ағып тұрса, суы мөлдір, түбі тұнық, таза, пайдады болып, адамдар сол суды ішуге құштар болып тұрады. Сондықтан, алдымыздағы баланың болашағының жарқырауы мен білімінің ұшталып, дарынының жалындауы біздерге байланысты.  Санаулы өмірімізді сауапты мамандыққа арнаған ұстаздарға шығармашылық табыс тілеймін.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Еліміздің болашағы жастар,» - деп бекер айтпады. Жалынды жастардың дарыны жарқырай берсін!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама