- 05 нау. 2024 03:33
- 199
Бауырсақ ертегісі
Тақырыбы: Бауырсақ ертегісі
Мақсаты: Ертегі, әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әңгімелесу:
Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
Балалар: Сәлеметсіздер ме апайлар!
- Енді орнымызға отырайық. (Балалар орындарына отырады)
Тәрбиеші: Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, ертегілердің басы қалай басталады?
Балалар: «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де», «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір тұрыпты», «Ерте - ерте, ертеде деп басталады» және. т. б
- Ал балалар ертегі әлеміне саяхат жасайық.
- Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барайық?
- Пойызбен барайықшы, тез жетеміз
(пойыздың дауысы естіледі)
- Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық.
Бүгін қандай ертегіні сахналайтынымызды білу үшін сендерге кейіпкерлерін жасырғым келіп тұр.
- Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?
Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ» ертегісін еске түсіруін ұсынады.
Балалар мазмұнын айтып береді.
Тәрбиеші Ендеше бәріміз «Бауырсақ» ертегісін сахналайық.
Балалар мадақталып, қонақтармен қоштасады.
Балалар шеңбер құрайық,
Қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау, саламат болайық!