- 05 нау. 2024 01:13
- 225
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері (ертегі)
Баяғы ерте заманда бір кемпір мен шал болыпты. Бір күні ол екеуі шайға дәмді бауырсақ пісіріп, суысын деп терезе алдына қояды да, ол туралы ұмытып кетеді. Бауырсақ әрі отырады, бері отырады, сосын:
- Төй, мені ешкім жемеді ғой, - деп терезеден түсіп орманға қарай домалай жөнеледі.
Домалап келе жатып орман шетіндегі алаңқайда секіріп жүрген қояндарды көреді де:
- Әй, қояндар. Қояндар! Тоқтаңдар! – деп айқайлайды. Мұны естіген қояндар зәрелері ұшып жан - жаққа қаша жөнеледі. Бауырсақ арттарынан қуа жөнеледі. Қояндардың бірін қуып жетеді де:
- Қоян, мені жеші - дейді. Таң тамаша болған қоян:
- Сен кім едің? – деп сұрайды.
- Мен майға піскен дәмді бауырсақпын, атам мен әжем мені пісірді, тәрелкеге түсірді, суысын деп терезе алдына қойды да, мен туралы ұмытып кетті. Қоян, мені жеші.
- Қызықсың бауырсақ, мен сәбіз бен қырыққабатты жақсы көрем, ал сені мен жемеймін. Қош сау бол! – дейді де қоян өз жөнімен кетеді. Бауырсақ болса әрі қарай домалай жөнеледі. Домалап келе жатып жортып келе жатқан қасқырды көреді де қасқырға қарай домалай жөнеледі.
- Қасқыр, қасқыр тоқташы - деп айқайлайды. Қасқыр бауырсақтың қасына келіп:
- Иә, құлағым сізде, - дейді. Ал, бауырсақ:
- Мені жеші! – дейді жалынып. Өзі келіп «жеші» деп тұрған бауырсаққа таңданған қасқыр:
- Өй, сен кім едің? – деп сұрайды. Бауырсақ:
- Мен майға піскен дәмді бауырсақпын. Атам мен әжем мені пісірді, тәрелкеге түсірді, суысын деп терезе алдына қойды да, мен туралы ұмытып кетті. Қоянға барып едім, қоян мені жемеді, қасқыр сен жеші мені – дейді. Қасқыр:
- Қандай қызысың бауырсақ, сен нансың, ал мен нан емес ет жеймін. Қош сау бол!- дейді де қасқыр да өз жөнімен кетеді. Ал бауырсақ ары қарай домалай жөнеледі. Домалап келе жатып, бүлдірген жеп отырған аюды көреді де, қуанып кетеді. Аюдың қасына домалап келіп:
- Аю, аю, мені жеші! – деп жалынады. Аю:
- Сен кімсің? – дейді. Бауырсақ:
- Мен майға піскен дәмді бауырсақпын. Атам мен әжем мені пісірді, тәрелкеге түсірді, суысын деп терезе алдына қойды да, мен туралы ұмытып кетті. Қоянға барып едім, қоян мені жемеді, қасқыр да мен жемеді, ең болмаса аю сен жеші мені – дейді. Аю:
- Мен бүлдірген жеп отырмын көрмейсің бе? Мен балды, жеміс - жидекті жақсы көремін, ал сені жемеймін. Қош сау бол! – дейді де, аю да өз жөнімен кетеді. Ал бауырсақ болса «мені ешкімде жемеді» деп көңілсіз келе жатады, алдынан бұралаңдап, майысып келе жатқан түлкі кез болады. Қуанып кеткен бауырсақ қасына жетіп барады да:
- Түлкі, түлкі мені жеші, өтінемін, - деп жалынады. Түлкі таңдана:
- Сен кім едің? – деп сұрайды.
Бауырсақ:
- Мен майға піскен дәмді бауырсақпын. Атам мен әжем мені пісірді, тәрелкеге түсірді, суысын деп терезе алдына қойды да, мен туралы ұмытып кетті. Қоянға барып едім, қоян мені жемеді, қасқырға бардым, жемеді, аюға бардым, олда жемеді. Түлкіжан ең болмас мені сен жеші, - деп жалынады. Түлкі болса:
- Майлы бауырсақ деймісің? Ха - ха мен майлы бауырсақты мүлде жемеймін - дейді де, құйрығын бұлғаң еткізіп, өз жөніне кетеді. Ал бауырсақ болса:
- Мені ешкім жемеді, менің ешкімге де керегім жоқ болды, - деп еңіреп жылап орман шетімен домалап келе жатады. Бауырсақтың жылаған дауысын естіп қасына қарға ұшып келеді де:
- Бауырсақ сен неге соншама жыладың? - деп сұрайды. Бауырсақ:
- Атам мен әжем мені пісірді, тәрелкеге түсірді, суысын деп терезе алдына қойды да, мен туралы ұмытып кетті. Қоянға барып едім, қоян мені жемеді, қасқырға бардым, жемеді, аюға бардым, жемеді, түлкіге айттым жемеді. Мен ешкімге де керек болмадым, өөө - деп одан бетер еңіреп қоя береді. Сауысқан:
- Бауырсақ, орман шетіндегі үйде тұратын атай мен әжей таңертеңнен сені іздеп жүр, үйіңе қайт, дейді де өз жөніне ұшып кетеді. Бұл хабарды естіген бауырсақ қатты қуанып:
- Алақай! Мені атам мен әжем іздеп жүр! Алақай! – деп үйіне қарай домалай жөнелді.