видеодан скрин
- 20 мам. 2026 04:00
- 27
Бейіт басында ән айтқан Зарина Омарова жұрттың сынына ілікті
Әнші Зарина Омарованың апасының бейіті басында «Анашым» әнін орындауы желіде қызу талқыға түсті. Кейбір оқырмандар бұл әрекетті құптамады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейіт басындағы ән
Әнші Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желі парақшасында апасының бейіті басында ән айтқан видеосын жариялады. Ол «Анашым» әнін орындап, сағынышын білдірген.
«Шымкентке келгенде апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, енді бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым», - деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының пікірі
Алайда, әншінің бұл әрекеті желіде көпшіліктің сынына ұшырады. Оқырмандар бейіт басында ән айтуды дәстүрге жат екенін айтып, әншіні түсінбейтіндерін жеткізді.
«Түп тамыр елге, апаның басына келіп, мауқыңды, сағынышты басып тұрсыз ба, сұлу қыз?», «Апаңның жаны жәннаттан болсын! Бірақ бейіт басына келіп ән айтпаған қазақ едік қой. Бұл жерде әруақтарға дұға ғана жүреді-ау», «Құран оқудың орнына ән айтқан несі?» - деп жазды желідегілер.