Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бестік баға

Бүгін біздің үйде үлкен қуаныш бар. Жанна екінші класқа көшті. Жыл бойында төрт рет ауырып, оқуға бара алмай қалған еді. Соған қарамастан барлық сабақтан бестік баға алып шықты.

Біз үй іші болып осы бір кішкене қуанышымызды тойладық. Жаннаны аздап көтермелеп, мақтап та қойдық.

— Тек төрт рет ауырып қалғаның болмаса, барлық пәнді беске тапсырдың. Жарайсың, Жаннажан, — дедім мен.

Әке-шешесінің айырықша мейіріміне қуанып отырған Жанна:

— Енді бір рет қалғанымда, одан да бес алатын едім, — деп жауап берді.

Бала түсінігі қандай қызық десеңізші!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама