Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия
Жамбыл атындағы
мамандандырылған мектеп интернатының
биология пәні мұғалімі Бейғам Нурсая
Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бейімделушілік және оның түрлері туралы оқушыларға теориялық білім беру. Бейімделушілік ұғымына түсінік бере отырып, оның тірі ағзалар тіршілігіндегі маңызы, бейімделушіліктің пайда болу себептері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Ауызша және жазбаша жаттығулар, үлестірмелі қағаздар, сабақта пайдаланатын әр түрлі ойындар арқылы оқушы ойын дамыту, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды елін сүюге, ізденімпаздыққа, ізгілікке баулу, ғылым - білімді меңгерген, көкірегі ояу азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс, түсіндіру және сұрақ жауап әдістері.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Сыныпты топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: №1. Лездемелік сұрақтар
№2. Сәйкестік тесті
№3. Сөзжұмбақ шешу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ІҮ. Бекіту
№1. Лездемелік сұрақтар
1. Түраралық күрес дегеніміз?
2. Түрішілік күрес дегеніміз?
3. Абиотикалық факторлармен күрес дегеніміз?
№2. Сәйкестік тесті 1 топқа
Мысалдар -------------------------------------------------------------- Күрес түрі
1. Бұл күресте бәсекелестік басым болады.
2. Арамсояу мен қызанақ арасындағы бәсекелестік
3. Өсімдіктерде шырмалғыш бұтақтардың дамуы
4. Арнольдо раффлезия гүлінің тіршілігі
5. Таулы жердегі өсімдіктер аласа болып өседі.
6. Өсімдік жапырақтары мен сабақтарының өте шырынды болуы
7. Тура және жанама түрге бөлінеді.
8. Ч. Дарвин ол күресті тіршілік үшін күрестің ең бастысы деп атады.
9. Қарағай мен қайыңның арасындағы күрес.
10. Табиғи сұрыпталуға жеткізеді
№3. Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақтың сұрақтарын дұрыс шешкенде, бастапқы тордан жаңа тақырыптың аты шығады.
IІІ кезең. «Білген сайын келеді, біле бергім» кезеңі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Дәптермен жұмыс. Оқушыларға бүгінгі сабақта кездесетін термин сөздердің мағынасын дәптерге жаздыру.
Бейімделушілік дегеніміз ағзалардың нақтылы орта жағдайларында тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы.
Климаттық бейімделуга география пәні мұғалімі Карибаева Айжан Мауленовна қысқаша слайдпен тоқталып өтеді.
Бүркеніш рең дегеніміз ашық жерлерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғану белгісі. Жерге ұя салып балапан басатын (шіл, құр, бөдене, сайрауық, т. б.) құстардың реңі мекен ететін орта жағдайына ұқсас. Сондықтан олар жұмыртқа басып ұясында козғалмай жатқан кезде жауына байқалмайды. Тіпті жүмыртқаларының қабығындағы (сыртындағы) секпілді дақтары да, жұмыртқаны жарып шыққан балапандарының түсі де тіршілік ететін орта жағдайына ұқсас болып келеді. Ұяларына ешкім бара алмайтын өте биік құз жартастарға ұя салатын ірі жыртқыш құстар мен жұмыртқаларын жерге көметін құстардың жұмыртқа қабығында теңбіл дақтар болмайды. Жыл маусымының өзгеруіне байланысты жануарлардың түгінің түсі де өзгереді. Мысалы, ақ түлкі, ақкіс, аққоян, ақ шіл — қыста ақ түсті (қардың түсіндей) болады.
Жасырушы рең – жануарлардың дене пішіні мен реңі тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуі. Мысалы, каллима туысына жататын ересек көбелектің қанаттарының пішіні мен жүйкеленуі жапыраққа ұқсас болуы, дернәсілдері бұтаққа жабысып оқтай түзу болып қозғалмай тұрғанда бұтақтан аумайды. Бүркеніш рең, әсіресе организмнің жеке дамуының алғашкы (бастапқы) сатысында (жұмыртқа, дернәсіл, балапан) және өте баяу козғалатын немесе колайсыз жағдайда тыныштық қалыпқа көшкен жануарлар үшін өте қажет.
Басқа орта жағдайына бейімделу үшін жануарлардың тез арада реңдерін өзгерте қою құбылысы тұқым куалайды. Мысалы, құбылғы, камбала, ешкіемер, т. б.
Сақтандырушы рең улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып келеді. Мысалы, ханқыз қоңызы (қызыл, сары, коңыр, күрең қызыл, айкын жолақты, т. б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен оған құстар еш уақытта жоламайды. Бал ара, түкті ара, жабайы аралар, улы жыландардың реңдері — оларды жыртқыш жануарлардан сақтайды. Сақтандырушы рең кейбір жәндіктер мен жануарлардың мінез - қылығынан да айқын байқалады. Мысалы, жорғалап бара жатқан қоңыздарға тиіп калсаң дереу өлгендей болып, біраз уакыт козғалмай қалады.
Қызықтырушы рең Бұл рең, әсіресе жануарларға көбейер кезде пайдалы болады. Мысалы, қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер, қосаяқтар, құстардың қораздарының өте әдемі реңдері өз дараларына көбею кезінде айқын көрінеді. Жайшылықта олардың реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып жауына байқалмайды.
Қауіп төндіруші рең. Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде жауынан қорғану үшін айбар шегіп денесін әр түрлі пішінге келтіре алады. Мысалы: кең алқымды жылан кауіп төнсе басын тік ұстап, алкымын жалпайтып, кеңейтіп айбар шегеді. Ал түкті бүйі алдыңғы аяқтарын көтеріп құрсағымен жер тірейді. Қарақоңыз тиіп кетсең басын жерге тіреп құрсағын көтеріп дереу жағымсыз иіс шығарады. Құлақты кесіртке басының екі жағындағы әшейінде жиналып тұратын тері қатпарларын жазып жіберіп аузын ашып тұра калады. Дәуіттің канатында көзге ұксаған екі дақтары бар, ол тек қанатын жазғанда ғана көрінеді, қауіп төнсе қанатын жазып жауын үркітеді.
Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" — еліктегіш). Бұл рең өсімдіктер мен жануарларда табиғаттың белгілі бір өлі және тірі заттарына еліктеуінен байқалады. Өздігінен қорғана алмайтын организмдердің бүркеніш реңдері бір немесе бірнеше түрлерге ұқсас болып келеді. Мысалы: тарақанның дене пішіні, мөлшері, ашық реңі ханқызы коңызынан аумайды; теңіз атбас балығы мен ине балықтың дене пішіндерінің балдырға ұқсауы; гүл шыбынының жабайы араға ұқсауы; усыз жыландардың улы жыландарға ұқсауы, т. б. еліктеуіш реңдер жауынан сақтанып, тірі қалуына мүмкіндік береді.
3 топқа тақырыптарға постер қорғау
1 топ - Қорек талғауға және климаттық бейімделу
2 топ - Қорғаныш реңдер
3 топ - Гүлді өсімдіктерді айқас тозаңдандыруға бейімделу
ЖАҢА САБАҚТЫ БЕКІТУ КЕЗЕҢІ:
Сәйкестігін тап
1. Қайтадан бейімделгіштік а) бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы
2. Қорек талғауға бейімделу ә) қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі
3. Климаттық бейімделу б) қоршаған ая түсіне ену
4. Еліктеу реңі в) денедегі рең тұтастығы жойылады
5. Бүркемелеу реңі г) жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі
6. Бөлшектену реңі д) Жағдай өзгергенде ағзалардың қайта бейімделуі
7. Көлегейлену реңі е) тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болады
8. көрнекілеу реңі ж) Табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу
1 - д; 2 - е; 3 - ж; 4 - ә; 5 - б; 6 - в; 7 - г; 8 – а.
Бейімделушіліктің түрлерін анықта
Үйге тапсырма: 43, 44 параграфтарды оқып келу.
Бағалау.
Толық нұсқасын жүктеу