- 05 нау. 2024 02:33
- 243
Сөз құрылымы
Тақырып: Сөз құрылымы
Мақсаты: Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың түбір және қосымша, сөз және оның құрамы, дауысты, дауыссыз дыбыс топтары туралы білімдерін бекіту.
2. Оқушылардың есін, сөздік қорын, зейіндерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: таблицалар, жеміс - жидектер, ойыншықтар, открыткалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
29 - жаттығудағы Сендердің алдарыңда - қаланың картасы. Ауызша мектептен стадионға дейін қалай баратыныңды түсіндір. Керекті сөз топтары: мектептен шығамын, көшеден өтемін, стадионға келемін. Құраған әңгімелерін оқытамын.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
1 саудагер:
Ау, жарандар, жараңдар,
Бері бізге қараңдар!
Сатпақшымын үй алып
Қалып қойма ұялып.
2 саудагер:
Ойыншық, жеміс тағы бар,
Алатын кәне, кімдер бар?
Тектен текке бермеймін
Білімдеріңді тергеймін.
3 саудагер:
Кім көп білсе, сол табар,
Рахатын сол алар.
Сондықтан да, балалар,
Босқа қарап қалмаңдар.
Сараптаңдар білімді,
Алмай тағы тынбаңдар, - деп тақпақтата мәнерлеп, оқушылар назарын өздеріне аударады.
Осыдан кейін мұғалім:
Балалар, біз қайда жүрміз?
Базарда жүрміз.
Базарда қандай заттар көріп тұрсыңдар?
Ойыншықтар, жемістер т. б.
Енді, балалар, осы заттарды сатып алуға тырысайық.
Жаңа базаршы:
Кімнің білімі көп болса, сол сатып алады. Қайсысынан бастап саудалассақ екен, ә?
1 - саудагер:
Сатылады ойыншық үй,
Сұраққа жауапты үй.
Барлық қабатқа шық
Болады сонда күй.
Сұраққа жауап бер,
Жауапқа тезірек кел.
Тыңда менің сұрақтарымды.
І. Негізгі түбір дегеніміз не?
ІІ. Қосымша дегеніміз не?
ІІІ. Жалғау дегеніміз не?
ІV. Жұрнақ дегеніміз не?
2. Негізгі түбір, қосымша жалғау, жұрнақтарға мысал келтір.
2 - саудагер:
Не деген тәтті жемістер,
Жемісті жесең келісер.
Болсыншы осы ойыңда,
Рұқсат жоқ қалыс қалуға.
Тырыс сатып алуға
Ойыншық үй не тәйірі,
Жеміс ал деймін тағы да.
3. Балалар, жемісті сатып алғың келсе, менің сұрақтарыма жауап беріңдер. Сатып алғың келетін жемістің атын сөз құрамына талда.
1. 30 жаттығу Жаңылтпашты оқып жатқа жаз
2. 31 жаттығу Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қойып туынды түбір жаса.
Етік - ші
жұмыс - шы
ойын - шық
талап - кер
үйрек - тер
жол - мен
6. 32 – жаттығу
Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда
Сергіту сәті өткізіледі.
35 жаттығу
Бөлме ішіндегі заттардың түбірін тап.
Қорытынды.
Түбір сөзбен қосымшалы сөзді сәйкестендір
Балалар, біз бүгін базарда қандай тақырыптар бойынша жауап бердік?
ҮІІ Үйге тапсырма: 33 - жаттығу
ҮІІІ Оқушыларды бағалау