Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Білім беру саласының қазіргі жағдайы

Әр адамның күнделікті тіршілігіне ерекше өзгеріс енгізе қоймаған қоғамнан кетіп, жаңа ғасыр өз өмірімізде жаңа бір дәуірдің басталғанын мойындатуда. Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы болашағымызға жету жолдарының жақсы нышандары бүгінгі қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларынан көрініс табуда. Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсіну ләзім. Бұл-әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы қалыптасады.

Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмұнының шашыраңқы, қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып, жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған, жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он бес жылдың көлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы «инновациялар» енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік реформалар жүргізіліп, оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде.

Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз: Оқу-тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуын;
білімнің қоғамдағы орны, және сол жүйені қаржыландыру деңгейін; тәрбие және білім жүйесі құрылымын; білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламаларындағы өзгерістерді; мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін айтуға болады.

Кубашева Әсел Ерболатқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 3 курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама