Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 44 минут бұрын)
"Дін мен дәстүр" атты әскери қызметшілермен кездесу өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау» әлеуметтік жобасының аясында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, 03811 әскери бөлімінде "Дін мен дәстүр" атты әскери қызметшілермен кездесу өткізілді. 

Шара барысында қатысушыларға жалпы дін туралы және ислам діні туралы толық ақпараттар айтылды. Діннің адам өмірінде алатын орны туралы мәлімет беру және болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу тақырыбы төңірегінде Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Тараз қаласы  «Кеңесхан қажы»  мешітінің бас имамы Ахметов Ғазиз Нұртайұлы әскери қызметшілерге әсерлі уағыз-насихат айтып, жан-жақты сұрақтарға жауап берді. Дәстүрлі дінге деген көзқарасты өзгерту мақсатында радикалды ағымдар таратып жатқан уағыздардың зардабы мен нәтижесі туралы айтып, деструктивті ағымдардың шығу тарихы мен жолын  түсіндірді.

Шараға әскери қызметшілер қатысты.

Іс-шараға жалпы саны 130 адам қатысты.   


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама