Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Білім министрі жағымды жаңалықтарымен бөлісті

Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде бастауыш біліммен қамту көрсеткіші бойынша әлемде Қазақстан 4-орынға шықты. Бұл туралы халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Біраз жақсы жаңалығымыз бар, оның ішінде ең маңыздыларын атап өтейін. Бірінші Қазақстан ЭЫДҰ-ның екі комитетіне білім және ғылым бойынша мүше болды. Екінші жаңалық Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде бастауыш біліммен қамту көрсеткіші бойынша әлемде Қазақстан 4-орынға шықты. Және бәріңіз білесіздер, осы жылдың басынан бастап, ең алдымен, жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің жалақысына 30 пайыз қосымша ақы төлеуді қарастырдық. Енді шеберлік үшін мұғалімдердің айлықтарын тағы көтеру үшін тестілеу механизмдерін енгізу қажет», - деп атап өтті министр.

Осы ретте министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасында студенттердің жататын орындарын шешу мәселесі көтеріліп, студенттерге қосымша 20 мың грант бойынша нақты тапсырма берілгенін еске салды. Сонымен қатар Елбасына білім саласына арнайы назар аударып, қолдау көрсеткені үшін оқушылардың, студенттердің, мұғалімдердің, ата-аналардың атынан рахмет айтты.

«Төрт жылға арналған Білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасының үшінші жылы орындалуда. Бірқатар көрсеткіштерге қол жеткіздік. Шешілмеген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Жақын арада бағдарламаны орындау нәтижесі бойынша Президент Әкімшілігі бізге жақсы, позитивті баға берді», - деді Ерлан Сағадиев.

ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама