Білімді жастар- ел болашағы
Тақырыбы: Білімді жастар - ел болашағы.
Мақсаты:
Еліміздегі білім берудің ағымдық жағдайына талдау жасау, осы уақытқа дейін қалыптасқан білім беру жүйесі, оны ұйымдастыру және құрылымы, білім мазмұнының жаңартудың, қазіргі республика дамуының әлеуметтік - экономикалық және саяси, сол сияқты дамыған елдердің прогрессивті тәжірибесіне тоқталып «Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі» екендігін түсіндіру.
Кіріспе сөз Сәлеметсіздер ме, ұлағатты ұстаздар мен құрметті оқушылар! Бүгін біз «Білімді жастар – ел болашағы» деген тақырыпта пікірталас өткізгелі отырмыз. Міне алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр, осыған орай Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!!
Бір кездері Мағжан бабамыз:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, - деп бекерден-бекер айтпаған.
2020 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені президентіміз Қ. Тоқаев өткен жылғы Жолдауында 2020 – Еріктілер жылы деп жариялаған. Бүгінгі біз бен сіздердің бас қосып отырған мақсатымызда осы.
Осы іс - шараға қатысып атырған қадірменді ұстаздарымызбен таныссақ:
1 команда құрамында - кеңестік кезеңмен кәзіргі кезеңге куәгер болып жүрген Қадірменді зейнеткер ұстаздарымыз Магад Наурызбаевна, Нұрбала Сейтпековна, Галия Тлекеновна
2 команда құрамында - Тәуелсіздік ұрпақтары мен жаңартылған білім бағдарламасының аясында жүрген мұғалімдер - Абдраманхан Ербол, Галия Серикжановна, Толеубаева Алмагул
Осы пікір - талас алаңының эксперт тобымен танысайық - Роза Қайырбековна, Абдыбаев Берік Мұқатаевич, Айгул Шакеровна, Нургуль Нұрлановна, Мараимова Шарбану Үкіметовна
Сайысымызды бастар алдында өздерінің жылы лебізін айтуға ортаға Берік Мукатаевич пен Айгуль Шакеровнаға сөз беріледі.
«Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.
Пікірталас алаңымыз 3 кезеңнен турады
1 тур – Диспут. Білім жүйесі. Яғни 1 команда Кеңес кезіндегі білім жүйесі туралы 2 команда жаңартылған білім жүйесінің туралы
2 тур - Ой серпін! 6 ұяшықтағы сұрақтарға жауап береміз!
3 тур - Қанатты сөздерге ой қорытынлау! Жазушылардың қанатты сөздеріне ой талқы.
Ән... Абдыраманхан Ерболдың орындауында
Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып - үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді.
1 тур – Диспут. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз қажет. Осы орайда біз пікірталасымызға бүгінгі білім жүйесі және бұрынғы білім жүйесі туралы ойларыңызды ортаға салсаңыздар (регламент әрбір қатысушыға 2 минут беріледі).
Эксперт топтың пікірін тыңдасақ.
2 тур - Ой серпін! Экранға назар аударсаңыздар, алдыларыңызда 6 ұяшық тұр, әр команда 3 ұяшықты таңдай алады, олар - білім, әдебиет, өнер, спорт, кино, музыка.
Білім: «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің авторы кім Жауабы: Ыбырай Алтынсарин
Әдебиет: Қойлығым құтты мекенім еңбегінің авторы
Жауабы: Рожаев Балтабек, Заман Төлеуов
Музыка: Кәзіргі дүние жүзін өзіне қаратқан Димаш Құдайбеген Ресейлік премияға қатысып қандай жүлде ұтып алды
Өнер:
Тұлғаны таны, Суреттің авторын кім?
Жауабы Гульфайрус Исмаилова "Казахский вальс"
Спорт: Дені саудың – жаны сау демекші құрметті ұстаздар келесі дүние жүзілік олимпияда қай жылы қай елде болды
Жауабы 2020 жылғы дүние жүзілік олимпияда Жапония астанасы Токио қаласында өтеді
Кино: Бұл қай фильм және қанша жылдық мерекесін тойлауда?
Жауабы: 1969 жылы 50 жыл
3 тур - Қанатты сөздерге ой қорытындылау! Жазушылардың қанатты сөздеріне ой талқы. Әр бір қатысушы парақтардан алып пікірлерін ортаға салады.
1. Білімдінің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең! Мағжан Жұмабаев
2.. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин
3.. Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет. Шоқан Уәлиханов
4.. Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады.
Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады. Нұрсұлтан Назарбаев
5. Мәдениетіміздің негізі – білім.
Білімге тіл арқылы жетіледі.
Білімді жұрттардың тілі бай болады. Халел Досмұхамедұлы
6.. Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы. Ілияс Жансүгіров
Эксперт топтың пікірін тыңдасақ.
Ән. Мектебіміздің мақтанышы, жарық жұлдызы Оразбаева Гаухар «Атамекен»