Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез
Тақырыбы: «Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез» атты сайыс
Сабақтың мақсаттары:
1. Оқушылардың өсімдіктердің құрылысы, маңызы, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету;
2. Жер бетіндегі өсімдіктерді қорғауға, табиғатты сүйе білуге, ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, оқушылардың шығармашылық ізденістерін кеңейтуге және өз бетінше жұмыс жасауға, пәнге деген қызығушылығын арттыра білуге, татулыққа тәрбиелеу;
3. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін кеңейтуге және өз бетінше жұмыс жасауға, пәнге деген қызығуын арттыра білуге, еңбекқорлыққа, адалдыққа, табиғатты сүйе білуге, ой – өрісін кеңейту, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: плакат, интербелсенді тақта

Кіріспе сөз.
Қайырлы күн жиналған қауым. Құс күні мерекесі алғаш рет 1924 жылы Смоленск облысына қарасты Ермолинск селолық мектебінде өткізілген. 1925 жылы Мәскеу қаласындағы жас натуралистердің Орталық биологиялық стансасының үндеуі бойынша «Құс күні» көктем мерекесі болып жарияланды. Құстар – табиғат байлығы. Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы. Құстар – табиғат көркі. Халық – күміс көмей әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға, жігерсіз, намыссыз жігіттерін жапалаққа теңеген. Осыған орай білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты сайысымызды бастайық! Жалпы сайыс 3 топ арасында өтеді. 7 кезеңнен тұрады.

Сайыстың жүру барысы:
1. Таныстыру
2. «Кім көп біледі?»
3. Ой толғаныс (Мәтінмен жұмыс істеу).
4. Бұл қандай құс? (сурет бойынша құстың атын табу).
5. Жұмбақ сурет.
6. «Мақал – мәтел» сайысы
7. «Ойлан тап!»

Әділ - қазы алқасымен танысу.

І кезең «Таныстыру». Әр топ ұрандары мен эмблемаларын қорғайды.

ІІ кезең «Кім көп біледі?»
Құстар бойынша сұрақтар:
1. Құстардың негізгі мекені (Ұя)
2. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960 рет)
3. Ең кішкентай құс (колибри)
4. Ең суыққа төзімді құс (пингвин)
5. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс? (Тотықұс)
6. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
7. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
8. Су тазалығын сақтайтын санитар құс (Шағала)
9. Суда жұбын жазбай жүретін құс? (Аққу)
10. Қандай құс, хат тасушы құс? (Көгершін)

Өсімдіктер бойынша сұрақтар:
1. Ең жылдам өсетін өсімдік (бамбук)
2. Ең биік ағаш (эвкалипт)
3. Күн гүлі деп қай өсімдікті айтады (күнбағыс)
4. Жапырақтар қай айда түсіп бітеді. (қараша)
5. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым.(Ботаника)
6. Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? (1981 жылы)
7. Қазақстанда қанша қорық бар? (9)
8. Өсімдіктің өсім мүшелерін ата.(тамыр, сабақ, жапырақ)
9. Өсімдіктің көбею мүшелері (гүл, жеміс, ұлпа)
10. Жасушаны ашқан ғылым (Роберт Гук)

Жануарлар бойынша сұрақтары:
1. Ең жүйрік сүтқоректі (гепард)
2. Ең ірі су жануары (кит)
3. Ең ұзын жануар (керік)
4. Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі –(піл)
5. Ұзын құлақты жабайы, әрі үйде өсірілетін жануар. (қоян)
6. Киіктің лағы қалай аталады (құралай)
7. Ең алғаш қолға үйретілген жануар?(ит)
8. Түйе неше жыл өмір сүреді? (30 - 35 жыл жасайды)
9. Жануарларды зерттейтін ғылым (зоология)
10. Суда да, құрлықта да кездесетін омыртқалы жануарлар қалай аталады? (қосмекенділер)

ІІІ кезең. Ой толғаныс (мәтінмен жұмыс істеу). 3 топқа мәтін беріледі. Бұл әңгімеде 10 құстың аты жасырын жазылған. 3 минут ішінде құстардың атын тауып қағазға жазу керек.

Мәтін. Асқар мен Айтқазы екеуі бір сыныпта оқыған кездегі оқиғаларды әңгіме етеді. Бүгінде Айтқазы үй ішінің қонақтарға арнап қара қазанға асып қойған бір қазан етті аударып алғандары, жаздың ыстық күндерінде ауыл сыртындағы көлге келіп, күн ұзақ суға түсіп, аққурайды отқа жағып, аулаған балықтарын пісіріп жеп, жақсы дем алып қайту – сол кездегі әдеттері болғандығын әңгімелеп келе жатқанда, қар жапалақтап жауа бастады. Осы кезде алдарынан кекілі келте, бір сыныпта оқитын Майра шықты. Майраның бұларға айтқан жаңалығы жексенбі күні шопандар тойының болатындығы еді. Шопандар тойын көруге көңілдері ауған бұл екеуі Асқардың жылқышы атасы – Бейсеннің үйіне бармақ болды. Бұл тойда екеуі сүйікті ұстаздары – Үкілім апайды кездестірді. Бұлар ауылдағы тойды көрумен қатар, аталары Бейсеннің үнемі айтып отыратын ақылы «кекшіл болмаңдар» тағы естіп қайтқанда екеуі де өздерінің кекшіл екендіктерін түсінді.

Құстар: Бір қазан, ұзақ, балықшы, жапалақ, кекілік, үкі, аққу, жылқышы, қаз, ұлар

ІV кезең. Бұл қандай құс? (яғни сурет бойынша құстың атын табу). Құстың суреті жасырын тұр. Берілген сандардың ішінен бір санды ашып, құстың атын табу керек. Егер табуға қиын болса, онда көмек беріледі. (Аққу, пингвин, түйеқұс).
Аққу:
1) Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, құрлыққа сирек шығады.
2) Жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды,
3) Жұп құрып тіршілік етеді.

Түйеқұс:
1) Құстың ішіндегі ең ірісі.
2) Африкалық саванна және шөлейтті аймақтарда таралған,
3) Жақсы жүгіреді.

Пингвин:
1) Оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктика жағалауында көптеп кездеседі.
2) Жұп құрып тіршілік етеді.
3) Ұша алмайды, бірақ жүзеді.

V кезең. «Жұмбақ - сурет» 6 құстың атын табу үшін әрбір фигуралардағы суреттер мен кішкене дөңгелекшелерді пайдалану керек. Егер суреттерді дұрыс түсініп, кішкене дөңгелектерге қосымша әріптерді орынды толтыра білсеңдер, онда жұмбақталған 6 құстың атын біліп аласыңдар. Әр топ өз орындарында тұрып, құстардың атын қағазға жазып алыңдар. 2 минут уақыт беріледі. Уақыт өткесін әр топтан 1 оқушы ортаға шығады.
І топ: 1 – қарға; 2 – үйрек; 3 – тауық; 4 – жапалақ; 5 – күйкентай; 6 – қызғыш;
ІІ топ: 1 – сауысқан; 2 – ителгі; 3 – бірқазан; 4 – нанду; 5 - әупілдек; 6 – балықшы;
ІІІ топ: 1 - түйеқұс; 2 – тоты; 3 – орақтұмсық; 4 – бозторғай; 5 – бұлбұл; 6 - қылқұйрық

VІ кезең. Мақал – мәтел сайысы.
«Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған ақын өлтіреді» - демекші, тоқсан сөздің тобықтай түйінің бір ауыз сөзбен жеткізіп, жүйелі ойынды білдіресің. «Мақал – сөздің мәйегі» - деп атам қазақ айтқандай, сөз атасы – мақал айтып жарысайық. Әр топқа конверт беріледі, оның ішіндегі сөздерді қарастырып, орын тәртібімен орналастырғанда 2 мақал – мәтел шығу керек.
1 – конверт:
1. Бір, болу, құс, қызық. Бір, құс, қызық, салуда
(Құс болу бір қызық, құс салуда бір қызық)

2. Баласы, құстың, ақ сұңқар. Жем, алдына, жемес, қоймай
(Ақ сұңқар құстың баласы, алдына қоймай жем жемес)

2 - конверт:
1. Баласы, ұшса, құстың, келмес, ұяға, қыран
(Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға).

2. Барлап, бүркіт, ұшады, бала. Шарлап, балапан, ұшады, бүркіт
(Бала бүркіт барлап ұшады, балапан бүркіт шарлап ұшады)

3 – конверт:
1. Ұшар, үшін, ақ сұңқар, жем. Туған, үшін, ел, ер жігіт.
(Ақ сұңқар ұшар жем үшін, ер жігіт туған ел үшін)

2. Қанатымен, құйрығымен, құс, қонады, ұшып
(Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады)

VІІ. Қорытынды:
Адамзат қара жерден несібе алады,
Табиғаттан ұрпақ үшін өшін алады!
Жердегі аң, көктегі құсты қырап салсақ,
Табиғат анамыздан не қалады?

Адамбыз ғой, адамбыз анасы бар,
Балапандай қойнында баласы бар.
Қанаты бар досымызды қорғайықшы,
Олардың да, ұрпағы баласы бар.

Қорытындылау
1. Әділ - қазы алқасының шешімі
2. Марапаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама