- 01 сәу. 2020 00:00
- 210
Бір қария кісі
Бір қария кісі жолаушылап келе жатыпты. Астында жабағысы да әлі түспеген құнан мініп келе жатады. Содан келе жатса, бір бай кісі кездесіп қалады, астында керемет тұлпар, жүгені, ер тоқымы, құйысқаны — бәрі де күмістен жасалған. Екеуі кездескенде, жаңағы қария кісіге сәлемдеседі, содан сәлем алып, жол болсын айтып, әңгімелесіп, қария шалдың сөздері керемет ұтымды болады.
Сонда бай өз сөзін шамаламай:
— Сіздің сөзіңіз керемет екен. Маған ұнап келе жатыр. Мен сізді алты қанат үйге апарып, астыңызға ат беріп, сізді бір жақсылап күтейін. Сіз жақсы қария екенсіз? — дейді.
— О, балам, сенің алты қанат ақ ордаң мына аспан астынан кең емес шығар, масаты көрпең мына көк майса жерден кең емес шығар, — дейді, — сөйлесер болсаң, аттан түс, сөйлесейік, — дейді.
Сонда жаңағы сөзден жеңіліп, үйіне алып барып, кешірім сұрап, үстіне шапан кигізіп, астына ат мінгізіп қайтарған екен.