Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Би сарқытын маған берді

Жиын-топқа бір байдың баласы:

— Би сарқытын маған берді, — деп мақтана беріпті. Сонда төрден орын тимей, босаға жақта отырған бір қуақы келген жарлы жігіт:

— Бидің қасында сенен басқа кім бар еді? — дейді.

— Басқа ешкім жоқ болатын, — депті бай баласы.

— Ендеше, би сарқытын саған бермегенде, итке тастасын ба? — деп іле жауап қайтарыпты әлгі жігіт.

Лепіріп сөйлеп отырған бай ұлы қып-қызыл боп, ұялғанынан тырс етіп үндеместен, жер шұқып отырып қалыпты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама