- 01 сәу. 2020 00:00
- 199
Дәл өлшеу
Екі адам қатты таласып қалады. «Қай жеңілгеніміз өз етінен бір пұт ет кесіп беретін болсын» деп бәстеседі. Бірі жеңіледі де:
— Тілегеніңнің бәрін орындаймын, — деп жалбарынады. Ұтқаны оған көнбей қояды. Содан олар биге келеді. Сонда би:
— Жарайды, қазір мына кісіден ет кесіп алуыңа болады. Бірақ бір пұттан сәл қателессең, басыңды аламын, — дейді.
Ұтқан адам қорқып, мазақ боп, жөніне кетіпті.