Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
"Біреу ұстап отыр": Атыраудағы жұмбақ өлімге күдіктінің анасы ұлының кінәсіз екенін айтты

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып, кейін қайтыс болған отбасының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарық көрді. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбайдың жаңа бағдарламасында айтылды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анасы ұлының кінәсіз екеніне сенеді

Қайғылы оқиғаға күдікті ретінде аты аталған Сұлтан есімді азаматтың анасы Гүлнәр ұлының мұндай қылмысқа баруы мүмкін еместігін айтып, қатты күмән келтіреді. Оның айтуынша, ұлы темекі шекпейді, арақ ішпейді, яғни жаман әдеттерден аулақ жан.

«Мен бұған сенбеймін, баламның мұндай жауыздыққа баруы мүмкін емес. Оны біреулер алдап, жұмсап отыр. Ортада біреу ұстап отырған сияқты. Негізінде ол ондай бала емес», - дейді анасы.

Отбасының барлық мүшелері әлі табылмады

Атырауда жоғалып кеткен отбасының барлық мүшелері әлі күнге дейін толық табылмағандығы айтылады. Бұл жағдай істің жұмбағын одан әрі тереңдете түсуде.

Жаңалықтар

Жарнама