Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы
Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ.
Есмағамбет Ысмайлов
Біржан сал үш бірдей өнер иесі - асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол – қазақтың әншілік – орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген, аса дарынды халық композиторы, қазақтың қайталанбас бір туар тұлғасы. Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Біржан сал бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп той - думанның сәніне айналған. Бозбаланың ақындыққа бейімдегені елінің, жерінің, табиғатының, өскен ортасының ықпалының көп пайдасы тиген. Өзінен үлкен Ержан, Нұржан деген ағалары болған сол заманның шаруашылық жұмыстарын өздері атқарғандықтанда болар, ол алаңсыз ән мен өлеңге үйір болғаны. Оның сыртында сол кездің сал - серілері, әнші-ақындары: Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болған. Жастайынан ақын әнші, өлеңші, домбырашы атанады. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсері тиеді. Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, - деген мәңгілік жетерлік сөз қалдырған...
Қандай бір елді мекендерде ойын-сауық жиын, той-думан Біржан салсыз өтпеген. Ақын серіліктің, салт-дәстүрдің қиындықтарын, қазақ халқының дала заңдылықтарын басынан өткізген. Оның өмірінің жартысы халықтың арасында өткен. Әндері мен өлеңдері де халық арасында жазылған, нағыз өмір шындығына байланысты туған. Шығармаларыда өзіндік шешімін тапқан,тамаша туындылар. Шығармаларында қазақ аруларының қайталанбас көркем бейнелерін сомдаған. Ол әнші, сазгер, орындаушылығымен қатар өте талантты суырып салма айтыс ақыны да болған. Сара ақынмен айтысуы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде елге танытты. Ақындық өнерінің дамуына, елге танымал болуына Сара, Әсет, Доскей қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген. 19-ғасырдағы қазақ ақындардың айтыстарының ішінде айрықша орын алатын, кеңінен тараған, идеялық мазмұны жағынанда көркем, образдық сипаттарымен де, «Біржан мен Сара» айтысы - нағыз әдеби шығарма. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып қалыптасты.Заманының неше алуан оқиғаларын ,адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлеген. Әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса, мазмұнымен де құнды. Өлеңдері мен әндері бірнеше рет кітап болып басылды.Дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алады. Музыкалық мұрасы да бірнеше рет жинақ болып басылып шыққан. Әдеби және музыка шығармашылығы туралы зерттеулерде жазылған. Біржан сал болашаққа үлкен өшпес мұра қалдыра отырып, өзіндік мектеп қалыптастырып кеткендей!
Оның өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Сал-серінің өмірін мазаққа айналдырып, өмірден базкештіреді. Ол қанатынан қайырылады, еркін өмірін тартысқа салады.Қиянатшылдары тіпті оны «Жынды» деген лақап таратып, қол аяғын байлауға дейін барған.Өмірінің мәні кетіп, трагедиялық жағдайда өтеді. Халық арасында жүріп, теңсіздікті, көре алмаушылықты, болыстардың бәсекелестігі Біржанның көз алдында өтеді. Бұл дүниеде әділеттің жоқтығын, кім болса да біреуге жағынудың, жағымпазданудың керек еместігін, өз күшіңе, біліміңе, қаблетіңе қарай өмір сүру керектігін өкіне, ашына айтқан. Біржан өзінің «Сырғақты» өлеңінде:
Бозбала саған айтар өсиетім,
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жауқазын желбіреген жастық шақта,
Өмірдің мағынасын түсіне біл, - деп, өзінің көргені мен көңілге түйгенін жастарға ақыл, өсиет түрінде айтып кеткен!!!
«Атбасар ауданы білім бөлімінің Борисовка орта мектебі» КММ
10-сынып оқушысы Әзікен Еркегүл
Жетекшісі: Рымхан Назигул қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі