Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Үш жалқау

Үш жалқау жігіт күн кешкіре бір үйдің тұсына келеді. Ертеңгі жеріне ерте жету үшін ілгеріліп қонуды ойлаған олар үйден шыға келген қыздан:

— Бұдан былай қоналқалық жер бар ма? — деп жөн сұрапты.

Сонда қыз:

— Аз  жүрсеңіз, Әлдеқайда деген жерге, одан ары өткенде Апақ-Сапақ деген жерге, одан сәл өткенде Әттеген-ай деген жерге барасыздар, — депті. Мұны ұққан жолаушылар ілгерілеп жүріп кетеді. Келе жатып қас қарая біреуі:

— Әлгі Әлдеқайда бар ма, жоқ па? — дегенде, тағы бірі:

— Ойбай, Апақ-сапақта қайда кетіп барамыз, — депті. Сонда үшінші жігіт тұра қалып:

— Әттеген-ай, әлгі қыз бізді қаңғыртқан екен ғой, — деп опық жепті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама