- 11 нау. 2019 00:00
- 225
Біржанның Нұрғайша қызбен қағысуы
Біржан қасында жолдастарымен бір ауылға жақындағанда, Қарағайлы деген өзеннің тасалау жерінде үш бойжеткен қыз суға шомылып жатыр екен. Байқаусызда үстіне келіп қалған кісілерді көріп, шыға алмай отыра беріпті. Қасындағы жолдастары: «Біржан, мына қыздарға бірдеңе десейші» — дегенде, Біржан:
Бауыры Көкшетаудың — қарағайлы,
Қар кеткен соң болады малға жайлы.
Ішінде адал да бар, арам да бар,
Ей, қыздар, шығардыңдар судың лайын, —
дейді. Қыздардың ішінен Нұрғайша деген бір қыз судан басын көтеріп алып, былай деп жауап қайырады:
Ұшады аққу көлден сабаланып,
Біз қалдық сіздің сөзге назаланып.
Келед деп игі-жақсы алдымызға,
Шомылып жатыр едік тазаланып.
Біржан қыздың беталысын көрген соң, ат үстінен амандасып жүріп кеткен екен.