Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
«Біз өмірдің гүліміз» балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, б бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар – дей отыра,

«Аэробика» биі (Ересек топтары)
Ал енді қарсы алыңыздар ортаңғы «Айгөлек Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері: «Ертегі әлемі» әнін орындайтын Назар А, Каким Ә, Бауыржанқызы К, Мертай Ә.
Сайқымазақтардың келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?

Жүргізуші: Бүгін бізде, 1 – маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
Сайқымазақтар: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Менің биімді қайтала». (ортаңғы топпен) Шарты: әуен арқылы балалар сайқымазақтың биін қайталайды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Балалар енді Сайқымазаққа өзіміздің ептілігімізді, өнерімізді көрсетіп бір би билеп берейік.
би: Топ - топ - топ. (айгөлек және жұлдыз ортаңғы топтары)

Жүргізуші:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан..
Сайқымазақ: Балалар бүгін мереке ғой! Қане кім айтады бүгін қандай мейрам?
Жарайды балалар дұрыс айтасыңдар, онда ересек топтармен де бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: Доп кімде? (ересек топтарымен)
Ойынның шарты: Қатармен балалар тұрады, допты бірінші басының үстімен, екінші екі аяқтың ортасымен өткізу.
Жүргізуші: Балалар ересек топтарының ойынын көрдік, енді бір әндерін тыңдайық. Ортаға ересек топтарын шақырайық.
Ән: Балабақшамен қоштасу ( ересек топтары )
Сайқымазақ: Балалар жарайсыңдар! Ал енді балалар ересек тобы мен ортаңғы топтарының шапшаңдылығын көрейін
Ойын: «Кім шапшаң»
Мақсаты: Асықтарды өсу кему ретімен жинастыруға үйрету, санауды жетілдіру.
Ойын шарты: 1 - 10 - ға дейінгі сан жазылған мұнараны көрсетеді. Балалар жазылған саны бойынша мұнараға асықтарды орналастырады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі. (музыка Маша келеді)
Маша самокатпен Аюдан қашып келеді. Артынан Аю келіп Машаны іздейді: (Самокатпен)
Аю: Балалар сіздер менің досым Машаны көрдіңіздер ме? Ол менен қашып кетті.
Жүргізуші: Балалар Аюға көмектесеміз бе? Оның досы Маша біздің арамызға тығылып қалыпты. (Маша балалардың арасынан шығады)
Маша: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға келдім. Ал сендер менімен және Аюмен ойнағыларың келе ме? Олай болса, ойынымызды бастайық.
Ойынымыздың аты: Самокат жарысы».(ортаңғы топтары)
Ойынның шарты: Самокат арқылы кеглиден айналып келу.
Жарайсыңдар балалар, өте тамаша ойын болды. Ал енді ересек топтарының жылдамдықтарын көрелік? Олар енді велосипедпен жарыссын.
Ойынымыздың аты: Велосипед жарысы
Ойының шарты: кегли арасымен жыланша жүріп өту керек.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі.

Ән: Балабақша әні.
Тақпақтар
1. Алақай – ау, алақай!
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақан!
2. Гүлмен кесін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
3. Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша.

Би: «Коляска»
Сайқымазақ: Балалар бүгінгі күн үшін сіздерге рахмет! Өте көңілді болды. Бірақ сіздермен тағы бір ән айтқым келіп тұр.
Ән: Сайқымазақ (паровозик) Кейіпкерлерде шығып кетеді. Сау болыңдар балалар! Мейрамдарың құтты болсын!!!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақша тәрбиешісі
Мусина Индира Шынтимировна
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама