- 17 там. 2015 00:00
- 216
«Болашақ» бағдарламасының талаптары күшейтілді
Енді Президент степендиясына ие болу үшін үміткер ағылшын тілінен емтихан тапсырып, IELTS бойынша кем дегенде 5 балл жинауы тиіс.
Қазір ағылшын тілін 6 ай елімізде, тағы 6 ай шет мемлекетте оқып үйренуге мүмкіндік берілген. Ал, 2020 жылға қарай мұндай жеңілдік мүлдем алынып тасталады екен. Және бұдан былай «Болашақпен» оқуға түсу үшін үміткердің екі жылдық тәжірибесі болуы тиіс. Келесі жылдан бастап «Болашақ» МВА бағдарламасы бойынша да маман дайындауды қолға алмақ. Ал, президент степендиясы үшін бюджеттен 12 млрд астам қаржы бөлініпті. «Болашақпен» шет елдерде білім алып келгендердің жалақысы қазір орташа есеппен 400 мың теңгеден жоғары екен. Сондай-ақ биыл болашақтықтар білім алатын шетелдік университететрдің тізімі жаңартылып, кейбір жоғары оқу орындары қысқартылған көрінеді.
Ғани Нығметов, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті:
- Осы жылдың тізімінде 15 университет қысқартылды. Соның ішінде есімде бар университеттер, ол Англияның Брунел университеті, әлемдік рейтингтен түсіп қалғаннан кейін біз оны тізімнен алып тастадық. Тағы Еуропа мемлекеттерінің, Ұлыбританияның да жоғары оқу орындары бар.