Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бүгінгі "Жұлдыз" атырабы

Ардақтаған асыл ұрпақ – зергерлі, ұсталы, мәнді журналдың ретінде мән тауып отыр. Асылында, әрбір басылымның өзіндік ерекшелігі, нәрлілігі, оқырманның ішкі жан дүниесінің ақтарлы айқын көрінісін суреттер тапқырлығы болады. Бағзы қалыптан «жердегі» емес, одан биік, тылсым күшке, ғарышқа қол созып, жарқыраған «Жұлдыздың» ұстаған тұғыры айқын, туындылары тұнық, болашағы жарқын.

Әсілінде, басылымның сырт – келбеті, атауы, қаптауы ойға қонымды, заманға сай, жеке стильде жасалынған, ендігі, журналдың ішкі әлеміне бір көз жүгіртіп, туындыларына өзіндік ой қосып, жан бітірсек, нұр үстіне нұр болар еді. Журналдың бас қапталында көзіме түсіп, тақырыбымен баурап алған , «Поэзия» айдарынан мына бір мақаланы талдауды жөн көріп отырмын: «Несіпбек АЙТҰЛЫ: МЕН-ДАҒЫ – БІР БЕЛГІМІН ҒАСЫРДАҒЫ», - деген. Елдік пен ерлік жыршысы, шығармаларының алтын өзегі -  тәуелсіздік, бірлік, бейбіт сахнасында орын алған Несіпбек Айтұлының өлең – жырларының мән – мазмұны бейбіт заманның аңсар мұң ақиқаты болғандықтан, өзектілігі ғасырлар бойы жанданар. «Қай заман?» атты өлең жинағы қалың оқырман қауымына ұсынылған екен, өлеңнің мазмұнында ақынның жан – айқайы, заманның емес, мемлекет басшысы мен қарамағындағы «халықтың қазынасын» іліп – әкетер «қармақтардың» қауқалап тұрғандығын ашына жазады, қапаланған көрініс бейнесі көз алдыңа елестейді. «Қазақстан – алып балық, Шіріп жатқан басынан» ,-деп көрсеткен жолынан ақынның ақиқатты ту ұстап, тайсалмай шындықты жазғанын көріп, ақынға деген құрметіміз еселене түседі. «Шындық -  көп, ақиқат – жалқы».

Жалпы, жұлдыз ұғымы бірен – саран айшықты, нар тұлғалы адамдарға ғана теңелмесе, жұлдыз сөзі әсте биік, қасиетті, киелі, жатық әлемге тән сипатты білдіретіндей әсер қалдырады. Соған дәлел, тағылымы мол «Жұлдыз» журналы. Еліміздің ең көне бас әдеби басылымы өз атауына толықтай лайық, ол Алаш жұртының алтын қазынаға толы жазбаларымен 2000 жылдық тарихты басынан өткеріп, күні бүгінде ұлттың нағыз дәстүрлі бедерлі сипат келбетін, классик жазушылардың қаламынан жарық көрген мұра – жазбаларын шығарып келеді. Басылымның тұрақты автор жазушыларына қарап – ақ, журналдың сұсын, оның негізгі мақсат - мүддесін, айдарларының келбетін тануға болады.

Қараша халықтың қай кезде болмасын көкірек көзін ашып, «оянуына» түрткі болған – газет – журнал басылымдарының қоғамда орнықты  орын алып, зерттеліп – зерделенуі, жаңа атаумен дүние есігін ашып, қайта жандануының мәні де, шындығына келсек, тереңде жатыр.

Журналдың егеурінді тақырыптарына қалам тартып жүрген көрнекті жазушы Мұхтар Мұғауиннің «Естеліктер кітабын», ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Ғалым сақабасын»,  Қуандық Түменбаевтың «Атуға бұйырылған адам», «Кесел», «Қаралы митинг» және Қуаныш Жиенбаевтың «Қақпақыл» әңгімелері, Ғұсман Жандыбаевтың «Шыңдық туралы ертегісі», Аян Нысаналинның «Жалтақтаймын жолайырықта аңырып» атты өлеңдер жинағы, Сайлау Байбосынның «Жүсіпбек пен Сұлтанмахмұт» поэмасы қалың оқырман назарына ұсынылып отыр.

Журналдың "проза", "поэзия", "ислам тағылымы", "әдеби мұра", "зерде", "әдебиеттану" бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық жиынтығы: өнер туындылары,өмірдің өнегелі көрінісі,  қазақ халқының өзіндік төл өнері мен әдебиетіне қатысты материалдар, әртүрлі рухани сарындарындағы жаңа шығармалары жарияланып тұрады. Бір ғасырға дейін қазақ әдебиетінің шежіресіне айналған "Жұлдыз", өз кезегінде рухани мазмұнын сақтай отырып, оқырманын баға жетпес асыл қазыналы мұра - біліммен сусындатып, әңгіме - жинақтарымен бөлісіп, оқырман қауымға өнегелі журнал рөлін атқарып келе жатқандығын толықтай растай аламыз.

«Жұлдыз» журналы салмақты, тегеурінді мәселелерді қозғап, жас ұрпаққа, оқырман қауымға ой тастап, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптей отыруы, мәнді – дәнді материалдардардың жарық көруі, осы сынды басылымның қазақ әдебиеті саласында бар болуы – рухани көңілді тоқ қыла отыра, алтын қордың қоржынына жайғасады.

Ойымды қорытындай келе, жұлдыз журналы қоғамдық өмірге, саясатқа, мәдениет пен әдебиетке барынша араласып, қоғам тақырыптарын тегеурінді көтеріп келеді. Журнал өзімен бірге қайта ұшқын «жұлдыздарымен» қауыштырғандай ортаға қосылды, турасында, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов сынды тұлғалардың рухты қолдауымен қайта жанданып, оқырмандарын қасиетті қанатты сөздер жалынымен рухани күш беріп отыр.

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

Журналистика факультеті

1 - курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама